
Бахтияр Қаржаубайұлы Алпысбаев
М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті
Әлеуметтік жұмыс басқармасының дінтану бойынша
бас маманы, дінтанушы-магистр
Тараз қ. Төле би көшесі, № 68.
Байланыс телефоны: 8 777 113 41 09; 8 747 508 82 02
Электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Мақсаты:
Студент жастардың деструктивті сипаттағы діни ағымдардың ықпалынан қорғау жұмыстарын жүргізу.
Міндеттері:
- орталықтың жұмысы мен іс-шаралар жоспарын құрастыру;
- барлық факультет декандарының тәрбие жұмыстар жөніндегі орынбасарларына, топ кураторларына ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясатын түсіндіру;
- діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу мақсатында студенттердің рухани иммунитеттерін қалыптастыру бойынша шаралар қабылдау;
- студенттердің азаматтық мәдениетін, белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, олардың рухани жетілуін, дербестігін, өзіндік ұйымдастыру және өзіндік даму мүмкіндіктерін дамытуға көмектесу;
- дін саласындағы облыстық ақпараттық-түсіндіру топтың дінтанушы мамандарды тарта отырып, студенттердің қатысуымен кездесулер ұйымдастыру;
- дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында республикалық, облыстық газет беттерінде және сайт-порталдарында мақалалар жариялау;
- деструктивті діни ағымдардан зардап шеккен студенттердің діни көзқарастарын бейімдеу;
- Жамбыл облысы әкімдігі дін істер басқармасы, Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығы», құқық қорғау органдары және БАҚ өкілдерімен тығыз байланыста жұмыс атқару;
- университеттің ресми сайтында орналасқан «Дінтану орталығы» парақшасына атқарылған іс-шаралар туралы ақпараттармен қамтамасыз ету;
- университеттің Даму стратегиясын әзірлеуге қатысу;
- қоғамдық-саяси, мәдени-ағартушылық және спорт бұқаралық шаралардың өтуіне атсалысу;
- университеттің Ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақтау;
- университеттің және оның құрылымдық бөлімдерінің рухани және материалдық құндылықтарына ұқыптылықпен қарау. Өзіне қатысты құрал-жабдықтарын, заттарын тазалықта және толық сақтауда, тиісті тәртіпте ұстау;
- Еңбек міндеттерін орындау барысында белгілі болған мемлекеттік, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалған өзге де құпияларды қамтитын мәліметтерді жария етпеу;
- курстық желі арқылы өз бетімен білім алуға және қайта даярлау жолымен іскерлік біліктілігін үздіксіз арттыруға;
- университеттің стратегиялық міндеттеріне қол жеткізу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру;
- СМЖ талаптарын орындау.