КӘСІБИ ДАМУ ЖӘНЕ КАРЬЕРА ОРТАЛЫҒЫ

amandosova rasima seidualievna

АМАНДОСОВА РАСИМА СЕЙДУАЛЫҚЫЗЫ,

Кәсіби даму және карьера орталығының директоры

Байланыс телефоны: 8(7262) 43-27-50

e-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Мекенжайы: Төле би көшесі, 60, 2.1.- 202.

ordabaeva aigerim

ОРДАБАЕВА АЙГЕРІМ АМАНҚҰЛҚЫЗЫ,
Кәсіби даму секторының жетекшісі


Байланыс телефоны 8(7262) 43-27-50, 87077545663
e-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

МекенжайыТөле би көшесі, 60, 2.1.- 203.

Saduakasova

САДУАҚАСОВА САЛТАНАТ ЕСЕНҒАЛИҚЫЗЫ,
Кәсіби даму секторының инспекторы


Байланыс телефоны: 8(7262) 43-27-50, 87075072813
e-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
МекенжайыТөле би көшесі, 60, 2.1.- 202.

sarikova altynai

САРИКОВА АЛТЫНАЙ БЕКМУРЗАҚЫЗЫ,

Кәсіптік практика және дуальды білім беруді ұйымдастыру секторының жетекшісі


Байланыс телефоны8(7262) 43-27-50, 87074213175
e-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

МекенжайыТөле би көшесі, 60, 2.5.- 307.

Abilovna

САРИЕВА АЙГЕРІМ АБИЛОВНА
Кәсіптік практика және дуальды білім беруді ұйымдастыру
секторының инспекторы


Байланыс телефоны: 8(7262) 43-54-31, 87479325038
e-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Мекенжайы: Төле би көшесі, 60, 2.5.- 307.

abildaeva arailym

АБИЛДАЕВА АРАЙ СЕРЖАНҚЫЗЫ,
Жұмыспен қамту және карьера секторының жетекшісі

Байланыс телефоны: 

8 (7262) 43-27-50, 87026459489

Эл. почта:Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

МекенжайыТөле би көшесі, 60, 2.5.- 317.

Bolatbekovna

АБДИКАДИРОВА АЙНУРА БОЛАТБЕКҚЫЗЫ
Жұмыспен қамту және карьера секторының инспекторы


Байланыс телефоны: 8 (7262) 43-54-31, 87081021571
Эл. почта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Мекенжайы: Төле би көшесі, 60, 2.5.- 317.

Бүгінгі тез қарқынмен дамып бара жатқан өзгерісшең өмірге ілесе алу үшін көптілді білім берудің маңызы зор. Қазіргі қоғамда көптілді болу кез келген адамды кең өріске бастайтын жол болып табылады. Халқымыздың «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деген аталы сөзі бүгінгі дамыған дәуірімізге сәйкес айтылғандай. Елбасымыз «Қазақстандықтардың жас ұрпағы кем дегенде үш тілді білулері тиіс: қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерулері қажет» деп, тілдердің үштұғырлылығын міндеттеп отыр.
2012 жылдың 27 қаңтар күні Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауында ұлттық білім беру саласының негізгі артықшылықтарын анықтады. Алдымен, қазақстандық түлектер шетел жоғары оқу орындарында оқи алатындай білім беру сапасы бәсекеге қабілетті, жоғары сапалы болуы керек. Бүгін 2011-2010 жылдарға арналған негізгі құзыреттіліктерінің бірі үштілділік, еуразиялық көпмәдениеттілік, коммуникативтілік пен технократтылық болып саналатын Қазақстан Республикасының білім беру саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар аяқталды деуге болады. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы көптілді білім беру жоғары білім беру саласының негізгі бағыттарының бірі болып саналады. Көптілді тұлғаны қалыптастыру жолында жоғары оқу орнының рөлі зор, себебі негізгі құндылықтар мен өмірлік қағидалар осы уақытта қалыптасады. Жоғары оқу орнында студент өзінің мәдени-ұлттық, этникалық қажеттіліктерін жүзеге асырып, оның бойында гуманистік, жалпы адамзаттық қасиеттердің қалыптасуына қолайлы жағдай және орта жасалады. ҚР Президенті 2011-2020 жылдарға арнылған ҚР білім беру жүйесін дамыту бағдарламасы, 2011-2020 жылдарға арналған Тілдерді дамыту иен қолдану бағдарламасы мен «Тілдер үшбірлігі» мәдени бағдарламасына сәйкес, 2020 жылға қарай қазақ тілін барлық қазақстандықтар, орыс тілін – 95% және ағылшын тілін – 25% меңгерулері тиіс.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 22.08.2013 ж. № 03-3/1378 хатына сәйкес, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті инженерлік-техникалық және жаратылыстану ғылымдары бағыттары бойынша арнайы топтарда көптілді білім беретін ЖОО-ның тізіміне енгізілді.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 2011-2020 жылдарға арналған даму стратегиясындағы 3.4 стратегиялық бағыттың 4 міндеті «Көптілді білім беру принциптерін жүзеге асыруды қамтамасыз ету» деп аталады. Аталған міндеттерді жүзеге асыру аясында 2013-2014 оқу жылынан бастап «5В030100 – Құқықтану», «5В030200 – Халықаралық құқық», «5В070100 – Биотехнология», «5В060700 – Биология» мамандықтары бойынша көптілді білім беретін арнайы бөлімдер ашылды. Аталған мамандықтар бойынша көптілді топтар құралған, оқушылардың құрамы мен, олардың білім деңгейлері анықталып, ғылыми дәрежелері, шетелде оқу мен жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті оқытушылар жұмысқа тартылды, бейінді пәндер бойынша сабақ беретін оқытушылардың тілдік құзыреттіліктері анықталды. Университеттің профессор-оқытушылық құрамы, магистранттар мен студенттерге арналған ағылшын тілін тереңдетіп оқыту курстары жүргізіледі.
2014-2015 оқу жылында «5В090200 - Туризм» мамандығы бойынша көптілді білім беретін арнайы бөлім ашылды.
2015-2016 оқу жылында қосымша «5В060800- Экология», «Мұнай газ-ісі-5В070800»  «Есеп және аудит-5В050800» мамандықтары бойынша көптілді білім беретін арнайы бөлімдер ашылды. Аталған бөлімде оқитын білімгерлер үшін барлық жағдайлар жасалған: оқу үдерісі техникалық, әдістемелік тұрғыдан толық қамтамасыз етілген.
Профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 2011-2020 жылдарға арналған даму стратегиясына (екінші баспа) сәйкес жүргізіледі және Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жж. арналған мемлекеттік бағдарламасынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған. Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес елімізде біліктілігін арттырудан жəне қайта даярлаудан өткен жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамының үлесі жыл сайын 20%-ды қамтуы тиіс.

Кәсіби даму және карьера орталығының міндеттері

1.Карьераны дамыту секторы
•Студенттердің практикасы мен бітірушілерді жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру үшін кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелермен бірлесіп әрекет жасау;
•Студенттердің практикасы мен бітірушілерді жұмысқа орналастыру жұмыстары бойынша құрылымдық бөлімдер жұмыстарын үйлестіру;
•Түлектер ассоциациясы мен ЖОО-ның арасындағы өзара тиімді байланысты қалыптастыру жүйесіне қатысу;
•Еңбек нарығына бітіруші түлектерді бейімдеу жүйесін жүзеге асыруға және оларды жұмысқа орналастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
•Студенттер мен бітіруші түлектердің бәсекелестігін арттыруға мүмкіндік туғызуға арналған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу (карьера күндері, жұмыс берушілер тұсаукесерлері тренингтер, мастер-кластар, конференциялар, форумдар, дөңгелек столдар, бос орындар жәрмеңкесі)
•Бітіруші түлектердің жұмысқа орналасуын және еңбек нарығын бақылау

2.Кәсіби даму секторы
•Педагогика мамандарын қайта даярлау және олардың біліктіліктері мен құзыреттіліктерін арттыру саласында ЖОО-да білім беру қызметтерін ұйымдастыру;
•Университет ішінде біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру. Еліміздің жетекші жоғары оқу орындары мен оқу әдістемелік орталықтары ұйымдастыратын біліктілікті арттыру курстары жөнінде ақпараттар жинау және оларды өңдеу;
•Құрылымдық бөлімдердің біліктілікті және құзыреттілікті арттыру бойынша жұмыстарын үйлестіру және олардағы процестерді ақпаратпен сүйемелдеу;
•Оқытушы профессорлар құрамының біліктілігі мен құзыреттіліктерін арттырудан өтуін ұйымдастыру;
•Оқытушы профессорлар құрамының біліктілікті және құзыреттілікті арттыру жөнінде мәліметтер базасын дайындау. Сонымен қатар осы жұмыстар бойынша жоғарыдағы органдарға есеп беру.

Top