Күзет қызметі
НОҒАЕВ ӨНЕРБЕК ҚҰЛЖАБАЙҰЛЫ,
күзет қызметінің басшысы
Мекенжайы: Төле би көшесі, 60, 2.5.329
Тел.: 8(7262) 45-79-49
Күзет қызметі туралы 2000 жылы 19 қазанда №85-11 Қазақстан Республикасының заны шыққан. Бұл заңда күзет бөлімінің негізгі қызметтері жазылған. Осы заңға байланысты М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің аумағында күзет бөлімі (КБ) университет қызметкерлерінің, оқытушылар мен студенттердің тәртібін, материалды және басқа да құңдылықтардың сақталуын бақылау және қадағалау үшін құрылған бөлім.
Күзет қызметінің негізгі міндеттері:
- жеке адамдардың өмірі мен денсаулығын қылмыстық және өзге де құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан қорғау.
- жеке және заңды тұлғалардың мүлкін құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан қорғау болып табылады.
Күзет бөлімінің мақсаты – университет мүддесін сыртқы және ішкі қауіптен қорғау жүйесін құру, университет қызметкерлері мен студенттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және материалдық – техникалық құндылықтарын күзету, университетте өткізілетін көптеген іс – шараларды қамтамасыз ету (конференция, жиналыстар т.б.).
Өз жұмысында күзет бөлімі төменде көрсетілген заңдарды басшылыққа алады:
- ҚР “БІЛІМ ТУРАЛЫ” заңын;
- ҚР “ЕҢБЕК ТУРАЛЫ” заңын;
- ҚР “КҮЗЕТ ТУРАЛЫ” заңын;
және т.б. нормативтік актілерін, университет жарғысын, ректорат шешімін, ректорат бұйрықтары мен өкімдерін.
Тараз мемлекеттік университетінің ғимараттарын күзететін қарауылдардың саны штат бойынша 75 адам. Олардың 55-і бірінші дәрежелі, ал 20-сы екінші дәрежелі қарауылдар. Қаратау қаласындағы Инженерлік-экономикалық мамандықтар факультетінің ғимаратын күзететін қарауылдар саны 10 адам. Олар өз міндеттері бойынша 4 ғимаратты қарауылдайды. Күніне 3 қарауылдан жұмысқа түседі.
Жалпы алғанда Тараз мемлекеттік университеті ғимараттарында 21 пост бар. Осы ғимараттарды күзететін күніне 23 қарауыл жұмысқа түседі. Оларға жұмысқа түсу алдында күнде азаңғы сағат 8-45 те нұсқаулық беріледі. Ол кезде айтылатын мәселелер - қарауылдар жұмысқа түсуге дайын немесе дайын еместігі қадағаланып, қарауылдардың өз міндеттерін білуі және техника қауіпсіздігі ережелерімен таныстырылып, журналға қол қойылып, жұмысқа жіберіледі. Жұмысқа түскен қарауылдардың жұмысы тәулік ішінде бірнеше мәрте тексеріледі.
Кезекшілікті тапсыру және қабылдау кезіндегі маңызды мәселе:
- кабинеттердегі кілттердің түгелдігі;
- есіктердегі мөрлердің бұзылмағандығы;
- өрт қауіпсіздігінің сақталуы;
- сигнализация істен шықпағандығы;
- электротоқтың қауіпсіздігі;
- жылу беру жүйесінің бұзылмағандығы (қыс айларында).
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ңұсқауы бойынша күзет бөлімінің қызметкерлерімен халықты антитеррорлық алғашқы оқыту бойынша кездесу ұйымдастырылып, карауылдармен сабақ өткізілді.
Тараз мемлекеттік университетінің күзет бөлімінің қызметкерлері өздерінің бос уақыттарымен санаспай, университеттің қоғамдық жұмыстарына, жыл сайын өткізілетін наурыз мерекесіне және де жазда өткізілетін мектеп бітірушілердің ұлттық бірыңғай тест тапсыруы кезінде міндетті түрде ат салысып, басқа да өткізілетін іс-шараларға қатысады. Мерекелік демалыс күндері күзет бөлімі қарауылдарың жұмыстары күшейтіледі.