«СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ» атты Президент Жолдауын талқылау
2019 жылдың 11- желтоқсаны күні М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті, Технологиялық факультеті «Тоқыма өнеркәсібінің технологиясы және материалтану» кафедрасында 6В07211-19/1 тобында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылдың 2-қыркүйегіндегі Қазақстан халқына жолдаған «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ» атты Жолдауын талқылау өткізілді.
Бұл талқылауды өткізудің мақсаты – студенттерді Президент құрған алдағы жоспарлармен, мақсаттармен таныстыру болды. Жасарал Аружан мен Омар Мейржан студенттер арасында сөз сөйледі. ҚР жастары алдында барлық бағыттар бойынша жаһандық міндеттер қойылғанын атап өтті, өйткені студент жастар белсенді азаматтық ұстанымымен ерекшеленеді, оны ең өзекті жалпы мемлекеттік міндеттерді талқылауға тарту қажет.
«Тоқыма өнеркәсібінің технологиясы және материалтану» кафедрасының доценті Рахманова Ж.С.