СТУДЕНТТІК ЖАТАҚХАНА

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетіне қарасты 3 Студенттік жатақхана орналасқан. №1 (Ниеткалиев,2) Студенттер жатақханада – 468 орын №2 (Сәтпаев, 25) Студенттер жатақханасында – 189 орын, №3 (Қаратау қ. Ақшораев, 3) Студенттер жатақханасында – 177 орынмен қамтылған.
«Жоғары оқу орындарында оқитындарға жатақхана беру» мемлекеттік қызмет Стандартына сәйкес ұсынылады (әлеуметтік жеңілдікпен қамтылған студенттерге жатақханадан міндетті түрде орын беріледі). Ең бірінші орында мүгедектер қатарынан мүмкіндігі шектеулі адамдар; бала кезден мүгедектер; І және ІІ топтағы мүгедектер; мүгедек балалар; жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар; ата-анасының екеуінде де немесе бірінде мүгедектігі барлар; ауыл жастары қатарынан шыққан, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтарға оқуға түскен адамдар; сондай-ақ ҚР азаматтары болып табылмайтын «оралмандар»; «Алтын белгі» иегерлері болып табылатын бірінші курсқа қабылданған білім алушылар; ҰБТ қорытындылары бойынша жоғары балл жинаған мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға қабылданған бірінші курс білім алушылары; білім алушылар қатарындағы шетелдік азаматтар халықаралық және үкіметаралық шарттарға сәйкес жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етіледі. 
Студенттік жатақханаларға шетел 210 азаматтары орналасқан. Студенттерді жатақханаға орналасу кезінде әр студентке «Жатақханада тұратын студенттердің міндеттері мен құқықтары» екі тілде түсіндіріледі. Оларға жеке-жеке әр қайсысының қолына ереже (памятка) беріліп, студенттерге Жатақханада тұру қауіпсіздігін сақтау мақсатында өртке қарсы бағытталған іс-шаралар кешені жүзеге асырылып, сонымен қатар студенттердің тұрмыстық жағдайлары мейлінше жақсартылған. Студенттер үйінің тұрғындары ғаламтор ресурстарын қалыпты қолдану және спорттық-мәдени іс-шаралармен айналысу мүмкіндіктеріне ие. Студенттер жатақханаларында оқытушылар кезекшілік міндеттерін атқарып, Студенттік кеңестері мен Студенттік старостаттарының да жұмыстары тиімді ұйымдастырылуда. Жатақхан студенттері уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында түрлі патриоттық, рухани, салауатты өмір салтын насихаттайтын іс шаралар ұйымдастырылды.Атап өйтсек «Жатақхана аруы 2018», «Таза бөлме», т.б.

р/с

Жатақханалар

Орын саны

Жалпы аумағы

Бөлмелер саны

1

№1 Студенттік жатақхана (Ниетқалиев, 2)

468

5752,3м2

156 бөлме

2

№2 Студенттік жатақхана (Сатпаев, 25)

189

3501,0м2

35 секция

3

№3 Студенттік жатақхана Қаратау қ., Акшораев, 12

177

1831,9м2

70 бөлме

 Студенттердің назарына! 

  № 1 Студенттік жатақхананың (Ниетқалиев к., 2) 101 бөлмесінде 1 орын (ұл), 201 бөлмесінде 1 орын (қыз), 206 бөлмесінде 1 орын (қыз), 208 бөлмесінде 1 орын (қыз), 216 бөлмесінде 1 орын (қыз), 228 бөлмесінде 1 орын (қыз), 304 бөлмесінде 1 орын (қыз), 312 бөлмесінде 1 орын (қыз), 316 бөлмесінде 1 орын (қыз), 317 бөлмесінде 1 орын (қыз), 319 бөлмесінде 1 орын (қыз), 328 бөлмесінде 1 орын (қыз), 402 бөлмесінде 1 орын (қыз), 403 бөлмесінде 1 орын (қыз), 408 бөлмесінде 1 орын (қыз), 410 бөлмесінде 1орын (қыз), 419 бөлмесінде 1 орын (қыз), 501 бөлмесінде 1 орын (қыз), 505 бөлмесінде 1 орын (қыз), 507 бөлмесінде 1 орын (қыз), 510 бөлмесінде 1 орын (қыз), 512 бөлмесінде 1 орын (қыз), 513 бөлмесінде 1 орын (қыз), 521 бөлмесінде 1 орын (қыз), 527 бөлмесінде 1 орын (қыз), 546 бөлмесінде 1 орын (муж) бос орындар бар.
№ 2 Студенттік жатақхананың (Сәтпаев, 25) 213 А бөлмесінде 1 орын (ұл), 310 А бөлмесінде 1 орын (қыз), 411 бөлмесінде 1 орын (ұл), 412 бөлмесінде 2 орын (ұл) бос орындар бар.
 Жатақханада тұру құны 1 айға 2500,00 теңгені құрайды. Төлем ЖСН бойынша Халықтық банктің филиалдарында жүргізіледі. Барлық сұрақтар бойынша факультет декандарының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарларынан сұрай аласыздар.
  Жатақханалардағы бос орындар туралы ақпарат 07.02.2020 ж. күнге.

Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі бөлім
Т. 42-64-30

chema rus

"Университет жатақханасынан орын беру бойынша автоматтандырылған қызмет көрсету" ережесі

№ 1 Жатаханадағы коменданттар туралы мәлімет

№ 2 Жатаханадағы коменданттар туралы мәлімет

СТУДЕНТТЕР ЖАТАҚХАНАЛАРЫНДА ОРЫНДАРДЫ БӨЛУ ТУРАЛЫ БҰЙРЫҚ

foto stud obwaga1

foto obwaga osvr 1

2018 жылы жалпы ауданы 8947,40 м2 болатын 500 орындық жаңа студенттік жатақхананың құрылысы басталды. Жатақхананың іргетасын қалауға университеттің құрметті түлегі (1987 ж.) және Дулати университетінің құрметті профессоры, ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Гүлшара Наушақызы Әбдіхалықова қатысты.

1

 

2

 

DSC 0937

 

DSC 0944

 

DSC 1033

 

DSC 2809

 

DSC 2813

 

DSC 4871

 

 

 

Top