DULATY UNIVERSITY - ЧЕМПИОНДАР ДАЙЫНДАУ ОРТАЛЫҒЫ

Денис Черепенко Дулати университеті «Мұнай-газ инженериясы»  мамандығының студенті. Ол Қарағандыда «Nomad MMA» ересектер арасында өткен аралас жекпе-жектен әлем чемпионатына қатысып, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Иран, Пәкістан, Бангладеш, Зимбабве және т.б. елдерінен қатысқан қарсыластарынан басым түсіп, алтын медаль алып келді. Денисіміз әлем чемпионы атанды.

Сондай-ақ, ел намысын қорғаған Бибарыс Сауханбек «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенті. Ол Италияда (Лидо де Жесело қаласы) өткен кикбоксинг спорт түрінен әлем чемпионатынан қола жүлдесімен оралды. Бибарысымыз бұған дейін де әлемнің Анапа, Индия, Өзбекстан елдерінен жеңіспен оралған. Ол Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

WhatsApp Image 2021 10 29 at 10.36.17

Ал жігіттер, біз сіздердің жеңістеріңізді жоғары бағалаймыз. Бұл жеңіс тек университетіміздің ғана емес, ата-аналарыңыздың, жақындарыңыздың, жаттықтырушыларыңыздың, Еліміздің жеңісі.

Сіздер өздеріңіздің мықты спортшы екендеріңізді тағы дәлелдеп, жанкүйерлеріңіздің үмітін ақтадыңыздар.

Университетіміздің қоржынында жеңістер көбейе берсін.

Прочитано 975 раз
Top