ДУЛАТИЛЫҚ ДЗЮДОШЫЛАР ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

Қазақстан Республикасының XI жазғы Универсиадасы аясында, Түркістан қаласында 24-27 мамыр аралығында дзюдодан жарыс аяқталды. Аталмыш жарысқа 23 студенттік команда қатысты. Осы жолы да Дулати университетінің командасы өз нәтижелерімен бізді қуанта білді. Бірінші жалпыкомандалық орынды Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ құрамасы иеленді. Тұғырдың екінші сатысынан Дулати университетінің командасы көрінсе, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің спортшылары үшінші сатыдан орын тепті.

Жас жігіттер командасы :
1 орын Серікбаев Нұрғанат 60 кг 1 курс
3 орын Қайратұлы Дәурен 60 кг 2 курс
3 орын Ортай Нұрбек 90 кг 4 курс
3 орын Серікбай Сұлтан +100 кг 3 курс

Қыздар командасы:
1 орын Балапанова Аяулым 70 кг. 3 курс
1 орын Нұрмахамбетова Рауза 57кг. 3 курс
2 орын Орынбасарова Асылжан 70 кг. 2 курс
2 орын Қуанышова Аяулым 63 кг. 2 курс
3 орын Адасхан Аружан 57 кг. 2 курс
3 орын Сагинбаева Мөлдір 78 кг. 1 курс

Университет спорт клубы мен оқытушылары студенттердің жүлделі орындардан және жеңіс тұғырынан көріну үшін аянбай еңбек етуде. Жарысқа қатысушыларды құттықтаймыз! Алдағы уақытта толастамайтын жеңістер тілейміз!

Сұңқар спорт клубының төрағасы Джылысбаев Дастан

Прочитано 948 раз
Top