Астана қаласы, Назарбаев Университетінде Қазақстан Республикасы ЖОО орындары арасында Студенттік спорт лигасы өз мәресіне жетті. М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттері үлкен олжамен оралды. Жүзу спорты. Жаттықтырушысы: Джылысбаев Дастан Атлеттер: Царёв Михаил; Чащухина Екатерина Жүзу спортында екі спортшымыз 5 алтын, 1 қола медальға ие болды.
Царёв Михаил үш алтын медальді иеленсе, Чащухина Екатерина екі алтын, бір қола медальді иеленді. Кикбосинг спорты. Жаттықтырушысы: Темірбай Нұржан; Олжас Сулейменов. Кигбоксшы студенттеріміз 3 күміс, 1 қола медалін қанжығасына байлап қайтты. Қазақша күрес. Жаттықтырушысы: Адлет Бубеев ; Жасақтаушы: Умаров Асылбек Университет палуандарымыз тартысты додада 1 күміс, 2 қола медальді иеленіп қайтты. Сенімді ақтап, шеберлігін көрсеткен жаттықтырушылар мен студенттерге алғыс білдіремін.