
Super User
БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ
«Карьера және бизнес серіктестігі» бөлімінің ұйымдастыруымен мәжіліс залында «Жас маман -2021» атты бос орындар жәрмеңкесі өтті.
Іс-шараға э.ғ.д. профессор Ержан Әмірбекұлы, «Ұстаз» институтының директоры Орынқыз Джолдасова, «Су шаруашылығы, экология және құрылыс» институтының директоры Бейсембин Кұдайберген және факультет декандары қатысты.
Елдегі етек алған жағдайға байланысты түрлі саланың жұмыс берушілері Zoom платформасы арқылы онлайн режимінде қатысуға мүмкіндік алды.
Жиында «Карьера және бизнес серіктестік бөлімінің басшысы» - п.ғ.д., профессор Расима Амандосова қатысушы қонақтарға шынайы алғысын білдіріп, бас қосудың мәні мен маңызы туралы тоқталды.
Жәрмеңке барысында мемлекет тарапынан жұмыс істеуге ниетті жастар үшін барлық жағдай қарастырылғаның реттімен сөз алған қатысушылар атап өтті. Сарысу ауданы Ш.Уалиханов атындағы мектеп, Қордай ауданы Д.Конаева атындағы № 1 мектеп, АО «Евразийский банк» ТФ АО «JusanBank» қатарлы Білім беру мекемелері мен кәсіпорындарының 11 өкілі сөз сөйлеп, университет мамандықтары бойынша 129 бос жұмыс орнын ұсынды, оның ішінде 75 - і Сарысу ауданы екенің ерекше атап өткіміз келеді.
Медиа -қызмет
ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІ ТҮЛЕКТЕРІНІҢ НАЗАРЫНА!
26.05.2021 сағат 11:00-де "Жас маман – 2021" бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ZOOM платформасында онлайн режимде өтеді. Жәрмеңкеге түрлі саланың жұмыс берушілері мен университет декандары қатысады.
Шарада тағылымдамадан өту, тәжірибе және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері талқыланады.
Мақсаты: жастар арасында жұмыссыздықты азайту және жастарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету.
Ссылка: https://us04web.zoom.us/j/2445125411...
Инденификатор 244 512 54 11
Код 86Q7wR
СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті базасында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары республикалық конкурсының (СҒЗЖ) екінші кезеңінің қорытындысы жарияланды:
ИТОГИ ВТОРОГО ЭТАПА РЕСПУБЛИКАНСКОГО КОНКУРСА НАУЧНО-ИССЛЕДОВАТЕЛЬСКИХ РАБОТ СТУДЕНТОВ
Итоги второго этапа республиканского конкурса научно-исследовательских работ студентов (НИРС) на базе Таразского регионального университета им. М.Х. Дулати – базового вуза по 4 разделам НИРС:
ЖАҚСЫНЫҢ АТЫ ӨЛМЕЙДІ
«Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» дейді дана халқымыз. Оқу ордамызда саналы ғұмырын жастардың жарқын болашағына арнаған тау тұлғаларымыз аз емес. Солардың бірі әрі бірегейі, арамыздан мезгілсіз аттанып кеткен экономика ғылымдарының докторы, профессор Ертаев Қарабек Ертайұлы еді. Зиялы тұлғаны жастар санасына терең сіңіру, есімін ұлықтау мақсатында «Экономика және бизнес» факультетінде Ертаев Қарабектың атындағы аудитория ашылды.
Ашылу салтанатына экономика ғылымдарының докторы, профессер Ержан Әмірбекұлы, Экономика кафедрасының ұстаздары, әріптестері, Қарабек Ертайұлының асыл жары Алия Оспанова, ұлы Дарын Ертаев және ет жақын туыстары қатысты.
Алғашқы болып сөз Ержан Әмірбекұлы Қарабек ағамыздың терең білім иесі екенін айта келіп, көптеген жоспары болғанын еске салды. Әрі жақсы адамның жолын ұрпақтары жалғастырады, оқытушылар ол кісі туралы естеліктерді әр студенттің санасына терең сіңіреді деп сенім білдірді. Сөз кезегін алған туыстары арнайы аудитория ашып, есімін еске алып жатқан, университетке, «Экономика» кафедрасы ұжымына шынайы алғыстарын білдірді. Әріптес оқытушылар тәтті естеліктерімен бөліссе, шәкріттері ұстаздың адамгершілік қырын, бауырмалдық қасиетін сағынышпен еске алды.
Медиа-қызмет
АЙТЫСТА АБЫРОЙЫ АСҚАҚТАДЫ
Сөз көкпары саналатын ақындар айтысы қазақ үшін мәртебесі биік бекзат өнер. Оқу ордамызда асқак өнердің жалауын желбіретіп жүрген жастар аз емес.
Қасиетті Қаратау төрінде «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай өткізілген « ТӘУЕЛСІЗДІК-ТҰҒЫРЫМ» атты облыстық ақындар айтысында журналистика мамандығының 4 -курс студенті Шапағат Әбдірұлы әріптестерінен оза шауып, 1 – орынды қанжығасына байлады.
Аталған айтысқа 64 ақын қатысып, 24 ақын осы жарысқа жолдама алған болатын. Сөз зергерлері қатысқан додада көрермендердің таңдайын қақтырған талантқа, айтыс аламанында абыройың асқақ, беделің биік болсын деген тілек білдіреміз!
АДАЛДЫҚ ҚОҒАМ АЙНАСЫ
"Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі департментінің" ұйымдастыруымен "ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған" мәжіліс залында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары - Равиль Қуанышбайұлының қатысуымен "Академиялық адалдықты жүзеге асыру жолдары" тақырыбында панельдік пікір алмасу өтті.
Жиынға университет Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Альмара Наурызбекова мен факультет декандары, институт директорлары және университет қызметкерлері қатысты.
Алғашқы сөзді алған Төлебаев Равиль Қуанышбайұлы бас қосудың маңыздылығы жайлы тоқталды.
Келесі сөз Тіркеу бөлімінің директоры т. ғ. к., доцент Наталья Чернявскаяға беріліп Дулати университетінде қабылданған академиялық адалдық саясаты мен ережелері туралы кеңірек тоқталса, Студенттер құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілі Қ. Абдукаримов Дулати университетінің құрамындағы студенттер құқықтарын қорғау туралы ойларын ортаға салды. Іс- шараның өтуіне ықпал еткен "Әлеуметтік жұмыстар жөніндегі департаментінің" директоры М. С. Божымбаева жүргізілген сауалнама нәтижелері, студенттердің пікірін зерделеу туралы тоқталып өтті. Тарбие бөлімінің басшысы Ж. Н. Нурболатбекова және қонақтар өз көз қарастарымен бөлісіп алдағы жұмыс жоспарына тоқталды.
«Осындай іс-шара жалғасын таба берсе, ақылдасып әлі талай жұмыстарды атқарамыз, барлық іс-қимыл шын болған жерде ешқандай жалғандық араласпаған жағдайда қоғам дамиды және нәтиже болады» - деді пікір алмасу соңында Равиль Қуанышбайұлы
Медиа-қызмет
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ӨТКЕН XIII РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ОНЛАЙН ОЛИМПИАДАДА «МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР» КАФЕДРАСЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ 1 ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ
2021 жылдың 30 сәуірде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде өткен XIII Республикалық студенттік онлайн олимпиадада үздік өнер көрсетіп «Мәдени тынығу» мамандығының 2,3-курс студенттері 1-жүлделі орынға ие болды. Дарынды студенттердің жетекшісі ҚР қайраткері Айтибаева Шолпан.
Олимпиадаға республиканың 7 жоғары оқу орындарының командалары қатысты. Олардың ішінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Қазақ мемлекеттік қыздар педогогикалық университеті, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, М.Өтемісов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік университетті бар.