
Super User
ШЫНЫҚСАҢ ШЫМЫР БОЛАСЫҢ!
Биыл Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай, мамыр айының 26-30 аралығында Нұр-Сұлтан қаласында таэквондодан ХI жазғы универсиада өтті. Таэквондо десе, бірден аяқ күшімен шайқасатын спорт түрі көз алдымызға келеді. Аталған универсиадаға «Менеджмент» мамандығының 4 курс студенті, аталмыш спорт түрін серік еткендердің бірі - Құрманбеков Арманжан қатысты. Құрманбеков Арманжан - қайсар жігітіміз бұл жарыста да жүлдесіз қалмады. Университетіміздің намысы үшін бар күшін салып, 2 орын иегері атанды.
2021 ЖЫЛҒЫ ОҚУ ЖИЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығына сәйкес, 2021 жылдың 2 шілде мен 10 тамыз аралығында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасының үшінші курс студенттерімен оқу-жаттығу жиынын өткізу жоспарланған.
Оқу жиынының бастығы, запастағы подполковник М.Ф. Әлібеков әскери кафедраның цикл бастықтары мен оқытушыларына оқу жиынын ұйымдастыру және өткізу үшін оқу материалдық базасын, әдістемелік құжаттарды және оқытудың техникалық құралдарын дайындауды тапсырды.
ПОДГОТОВКА К УЧЕБНОМУ СБОРУ 2021 ГОДА
В соответствии с приказом Министра обороны Республики Казахстан в период с 2 июля по 10 августа 2021 года спланировано проведение учебного сбора со студентами третьего курса военной кафедры Таразского регионального университета имени М.Х. Дулати.
Начальником учебного сбора подполковником запаса Алибековым М.Ф. было дано указание начальникам циклов и преподавателям военной кафедры подготовить учебную материальную базу, методическую документацию и технические средства обучения для организации и проведения учебного сбора.
Б.МОМЫШҰЛЫНЫҢ ТІЛ ТУРАЛЫ ТӘМСІЛДЕРІ
"Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді", - деп Ғабит Мүсірепов айтпақшы, тілдің ұлт болашағы алдындағы киесі жоғары. Туған тілін қастерлеу, құрмет тұту - әрбір пенде баласының басты борышы. Тіл тәуелсіздігі - ой тәуелсіздігінің, ел тәуелсіздігінің бастау бұлағы.
ТІЛ ТАРИХЫН ТАНЫТАТЫН ТУЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті, Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын іске асыру таяудағы жылдары атқарылатын негізгі міндеттердің бірі екендігін баса айтқан болатын.
ТІЛДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ – ЕЛДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ
Жаңа мың жылдыққа ұлы мұратпен қадам басқан еліміздің рухани жаңаруының бастауы – латын әліпбиінде жатыр. Латынға ауысу қазақ тілінің дамуына, халықаралық мәдени-рухани және экономикалық байланыстардың нығаюына және ІТ-технологиялардың дамуына жағдай жасайды. Қазақстанның бүкіләлемдік қауымдастықта аса ықпалды мемлекеттердің қатарынан орын алуы үшін күшті, экономикалық даму динамикасы үнемі өрлеу жолындағы ел болғаны ғана жеткіліксіз болмақ. Сонымен бірге, біз рухани-мәдени және дүниетанымдық тұрғысынан да өркендеуге тиіспіз. Ол үшін өркениеттіліктің ең бірінші сұранысы болып саналатын әліпбиіміз – латын қаріпімен болғаны дұрыс.
AЛAШ ЗИЯЛЫЛAPЫНЫҢ ҰЛТ ТІЛІ МӘCEЛECІ ТУРАЛЫ ТАҒЫЛЫМДАРЫ
XX ғacыpдың бacындaғы aлдынғы қaтapлы қaзaқ зиялылapы өздepінің caяcи қызмeтіндe ұлттық, coндaй-aқ жaлпы aдaмзaттық құндылықтapды қopғaуды бacxи мaқcaт дeп білді. Oлap өз xaлқынa тәуeлcіздік жәнe oтapшылдық құлдықтaн aзaттық aлу жoлындaғы күpecіндe көмeктecугe ұмтылды, әpбіp aдaмның жәнe әpбіp xaлықтың жeкe өз бocтaндығынa құқығы мeн бүкіл aдaмзaт мәдeниeтінің жeтіcтіктepі мeн тaбыcтapынa epкін қoл жeткізуі cияқты жaлпы aдaмзaттық қaзынaлap үшін күpecті. Қaзaқ зиялылapы 1905 жылдaн бacтaп ocы мaқcaттa дaлa өніpіндe қызу қызмeт жүpгізді. Қaзaқ зиялылapының көшбacшылapы xaлықтың caяcи жaғынaн көзін aшу үшін oның бoйындa білімгe дeгeн құлшыныcты oяту, caуaтcыздықты жoю қaжeт eкeнін түcінді. Қaзaқ зиялылapының бүкіл қызмeті ocы мaқcaтқa apнaлды дeугe бoлaды.
ЛАТЫН НЕГІЗДІ ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІ – РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ КӨРІНІСІ
Еліміз тәуелсіздік алған жылдардың басынан бері қоғамда латын әліпбиі туралы мәселе кеңінен талқыланып келді. Қоғамдық ортада зиялы қауым тарапынан латын әліпбиіне көшу мәселесі қолдау тапты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында латын әліпбиіне көшу мәселесіне ерекше тоқтала келіп: «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады», - деген болатын.
ТІЛ – ТІРЕГІМ
Тіл – ұлттың жаны, рухы, оның бет-бейнесі, өткені мен бүгіні және болашағы. Ғұлама ғалым А.Байтұрсынұлы: «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады»,– деп тілдің ұлт үшін қандай маңызды екенін бір-ақ ауыз сөзге сыйдырған. Әлемде жаулап алушы елдердің озбырлығынан, үстемдігінен қаншама тіл жоғалып кетсе, қаншама тіл жоғалудың аз-ақ алдында тұрғаны мәлім. Сондықтан қазіргі жаһандану дәуірінде аз ұлттар мен ұлыстар өз тілдерін қорғап қалуға барынша күш салуда. Қазақстан Республикасы қазақ тілінің ғана емес, қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың тілінің дамуына барынша жағдай жасап отыр. Елбасы Н.Назарбаевтың 22-қыркүйекті «Қазақстан халықтарының тілдері күні» деп жариялауы да осы мақсаттан туған.
«СҰҢҚАР» СПОРТКЛУБЫ
«СҰҢҚАР» СПОРТКЛУБЫ

Клуб төрағасы
"Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша педагогика магистрі, аға оқытушы
Телефон: 8 (7262) 52-48-72
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Мекен-жайы: Тараз қ., Сәтпаев көш. 28
Дулати университеті студенттердің салауатты өмір салтына үлкен көңіл бөледі. Спорттық іс-шаралар «Сұңқар» спорт клубының қамқорлығымен өткізіледі, ұйым университеттен қабырғасында салауатты өмір салтын ұстанғысы келетіндердің барлығын шақырады. Спорт клубы 1999 жылы құрылды. Кіру жарнасын төлеген кез-келген студент пен университет қызметкері клуб мүшесі бола алады.
Клуб үнемі спорттық-бұқаралық сауықтыру іс-шараларын өткізеді және студенттердің ұлттық құрама командаларының аймақтық және халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ спорт студенттер федерацияларымен, клубтарымен, халықаралық спорттық және туристік ұйымдармен ынтымақтастық жасайды.
Клуб төрағасы - аға оқытушы, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі - ДЖЫЛЫСБАЕВ ДАСТАН БОЛАТҰЛЫ.
«Сұңқар» спорт клубы Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру комитетінің шешімімен спорттық туризм саласындағы Қазақстанның ең үздік спорт клубы болып танылды.
ҚР Құрметті спорт қызметкері, Спорттық гимнастикадан КСРО спорт шебері, ҚР Ұлттық дәрежедегі төрешісі, Доцент м.а.
Бокстан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы, ҚР Құрметті дене шынықтыру және спорт қайраткері, ҚР Ұлттық құрама командасының жаттықтырушысы, М.Х. Дулати атындағы ТарМУ Құрметті профессоры
Волейболдан ҚР Ұлттық категориялы төреші. «Дене тәрбиесі» кафедрасының аға оқытушысы
Бокстан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы, ҚР Құрметті дене шынықтыру және спорт қайраткері, Доцент м.а.
Самбо күресінен ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, М.Х. Дулати атындағы ТарМУ Құрметті профессоры
Каратэ-до Шотоканнан ҚР спорт шебері, Қара белбеу 3 дан. "Қазақстан каратэ-до Шотокан ұлттық федерациясының" Жамбыл облысы бойынша директоры. Жамбыл облыстық қоян-қолтық ұрыс федерациясының президенті.
Қазақ күресі бойынша ҚР спорт шебері, «Дене тәрбиесі» кафедрасының аға оқытушысы
Дене шынықтыру мен спортты дамытуға еңбегі сіңірген үшін төсбелгісімен марапатталған. Спорт менеджменті кафедрасының доценті.
ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Пекинде 2008 жылы өткен Олимпиада ойындарының қатысушысы, жеңіл атлетикадан жоғары санатты жаттықтырушы, «Спорт менеджменті» кафедрасының аға оқытушысы.
Акробатикадан КСРО спорт шебері, «Спорт менеджменті» кафедрасының аға оқытушысы.

Грек рим күресі бойынша ҚР спорт шебері, «Дене шынықтыру» кафедрасының меңгерушісі.

Дене шынықтыру мен спортты дамытуға еңбегі сіңірген үшін төсбелгісімен марапатталған. «Дене шынықтыру» кафедрасының аға оқытушысы
Грек рим күресі бойынша ҚР спорт шебері, «Дене тәрбиесі» кафедрасының меңгерушісі
Грек рим күресі бойынша ҚР спорт шебері, Азия чемпионы, «Дене тәрбиесі» кафедрасының оқытушысы
Жеңіл атлетика бойынша ҚР спорт шебері, Қазақстан Республикасының алты дүркін чемпионы, «Дене тәрбиесі» кафедрасының аға оқытушысы
Университетте салауатты өмір салтын және дене тәрбиесін қалыптастыру шарттары
ӨТКІЗІЛГЕН ІС-ШАРА ТУРАЛЫ ХАТТАМА №2
ӨТКІЗІЛГЕН ІС-ШАРА ТУРАЛЫ ХАТТАМА №3
ӨТКІЗІЛГЕН ІС-ШАРА ТУРАЛЫ ХАТТАМА №3 (Тоғызқұмалақтан жарыс)
ӨТКІЗІЛГЕН ІС-ШАРА ТУРАЛЫ ХАТТАМА №4 (Шекемтас жарысы)
ӨТКІЗІЛГЕН ІС-ШАРА ТУРАЛЫ ХАТТАМА №7
ӨТКІЗІЛГЕН ІС-ШАРА ТУРАЛЫ ХАТТАМА №8
ӨТКІЗІЛГЕН ІС-ШАРА ТУРАЛЫ ХАТТАМА №9
ӨТКІЗІЛГЕН ІС-ШАРА ТУРАЛЫ ХАТТАМА №10
«СҰҢҚАР» спорт клубында 17 спорт түрінен 28 үйірме бар:
Армрестлинг (ер., әйел.)
Баскетбол (ер., әйел.)
Волейбол (ер., әйел.)
Стритворкаут (ер., әйел.)
Тоғызқұмалақ (ер., әйел.)
Үлкен теннис (ер., әйел.)
Үстел теннисі (ер., әйел.)
Қазақ күресі, футбол, фитнес, Греко-рим күресі, самбо, спорттық бағдарлау, бокс, кикбокс, шахмат, спорттық туризм