БІЛІМ - БАРШАҒА

Қазіргі уақытта инклюзивті білім беру бүкіл әлемде қарқын ала бастады. Мектептер мен жоғары оқу орындарында қарапайым балалар мен ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларды бірлесіп оқыту – мүмкіндігі шектеулі оқушыларды әлеуметтендіру үшін кең перспективалар ашады. Дәл осы инклюзивті білім беру қоғамдық пікірдің өзгеруіне  ықпал етеді және ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар социумға — оқуға, жұмыс істеуге, мансап құруға, табысты және бақытты болуға теңдей тартылуы мүмкін.

 М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде мүмкіндігі шектеулі студенттерге үлкен көңіл бөлінеді. Инклюзивті білім беруде психологиялық бейімдеудің арнайы орталығы бар. Орталықтың аға үйлестірушісі Сандуғаш Үсенова мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды  білім беру процесіне интеграциялаудың бастамашысы бола отырып, студенттермен және ПОҚ-пен белсенді жұмыс істейді.

«Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар» факультеті «Әлеуметтік психология» кафедрасының 3 курс Психология мамандығы студенттері мен «Инклюзивті білім берудегі психологиялық бейімделу» орталығының студенттері «Инклюзивті білім беру негіздері» пәні бойынша «Мүмкіндігі шектеулі балалардың жеке мүмкіндктерін есепке алуда білім беру нәтижелерін бағалау» тақырыбында тәжірибелік сабақ өтті.

2

Сабақ барысында оқытушы келесі мақсаттар мен міндеттерді шешуді көздеді:

- мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беру мектеп, колледж, ЖОО-да, мекемелерде білім алуына жағдай жасай отырып, олардың дамуына саналы әрекет ұсына отырып, қол ұшын созу.

- жалпы білім беру мекемелерінде инклюзивті білім беру арқылы әлеуметтік-педагогикалық кәсіби қызметін дамытып, дарытуға мүмкіндік беретін болашақ мамандардың құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту.

- балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру;

- арнайы қажеттілігі бар балалар үшін мектептерде, мекемелерде жағдай туғызып, оларды жалпы білім беру жүйесіне қосу.

  Міндеттері:  - мектеп, колледж, ЖОО-да, мекемелердегі мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру жүйесі.

- ақпараттық-қатынастық технологиялар арқылы мектептердегі мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру жүйесін жетілдіру

-  арнайы қажеттілігі бар балалар үшін мектеп, колледж, ЖОО-да, мекемелерде жағдай туғызып, оларды жалпы білім беру жүйесіне қосу.

Сабақ барысындағы келесі тренинг өтті: «Инклюзия қолданыста: сөзден іске көшу», Театр әдістерімен танысу. Сенім тудыратын ойындар, «Форум театры» әдісі арқылы Қазақстанда қатысу бағыты бойынша инклюзияны кеңейту, Театрлық әдіс инклюзия мәселесінде неліктен көмекші бола алады?

1

Біздің өмір сүріп жүрген қоғамымызда мүмкіндігі шектеулі жандар да бар, яғни мүгедектер.  Ол кісілердің ой-санасы сау адамдардікімен бірдей, керісінше артық болмаса, кем емес. Рухани байлықтары мол жандар.  Және де қазіргі таңда ол кісілердің құқықтары сау адамдардікімен тең. Оларда қалаған оқуларын оқи алады, қалаған жұмысына тұра алады. Қоғамымызда олардың құқықтары бәрімен тең.

Top