ЕРЕКШЕ БІЛІМ АЛУҒА ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР ОҚУШЫЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

«Ерекше білім алуға қажеттіліктері бар оқушыларға қолдау көрсетудің тиімді жолдары» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті 2021 жылдың 21 қазан күні ерекше білім алуға қажеттілігі бар оқушыларға сабақ беретін мұғалімдер үшін «Ерекше білім алуға қажеттіліктері бар оқушыларға қолдау көрсетудің тиімді жолдары» тақырыбында облыстық семинар өткізді.

«Zооm» бейнебайланыс режимінде өткен іс-шараға 191 педагог, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектептің әлеуметтік педагогтері, психологтары, ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыларға сабақ беретін мұғалімдер қатысты. Іс-шара барысында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетенің «Инклюзивті білім берудегі психологиялық бейімделу» орталығының аға үйлестірушісі, психология ғылымының магистрі С.Үсенова инклюзивті білім беру саласында инновациялық технология ретінде білім деңгейін жетілдіруге ықпал ететін тәсілдер туралы, Тараз қаласы №2 Психологиялық - педагогикалық түзету кабинетінің логопеді түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы сабақ барысы бойынша іс-тәжірибесімен бөлісті. Электронды материалдар таратылып, ақпараттық-әдістемелік көмек берілді.

Top