МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АДАМДАР ҮШІН ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРУ

2021 жылдың 18 қазан айында «Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін іс-шаралар ұйымдастыру» жобасы аясында Қазақстан волонтерлар лигасының М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетіндегі филиалы, Тараз қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ, «Қазақстан жастарының фракциясы» қоғамдық қоры бірлесе отырып "BRAIN RAID" интелектуалды ойынын өткізілді. Ойын барысында студенттерге Қазақстан және спорт тарихына байланысты сұрақтар қойылды. Ойынға 3 топ қатысып, 1-орынды "Қыран" тобы, 2-орынды "Жалын" тобы, ал 3-орынды "Лига" тобы иеленіп, арнайы диплом және сыйлықтармен марапатталды.

Top