Сурет байқауының мақсаты мен міндеттері:
- Жастардың коммуникативтік және шығармашылық қабілеттерін шыңдау, білімін арттыру;
- Шығармашылық ойлау және қиялдарын дамыту;
- Көркемдік-эстетикалық қызметінің мәдениетін қалыптастыру;
- Өнерде өзін-өзі жетілдіруге және өзін-өзі білдіруге жағдай жасайтын ортаны құру.
Конкурсқа инклюзивті білім алатын жастар қатысты. Комиссия мүшелері арасында байқау тақырыбына сәйкес келетін 9 жұмыс іріктелінді. Іріктеуден өткен жұмыстарды "Сурет дизайн" көркемсурет орталығының маманы Мамбеталы Ақбота, М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті инклюзивті орталығының жетекшісі Усенова Сандуғаш, Тараз қалалық жастар орталығы бөлім жетекшісі Лесбек Азамат жұмыстардың дағдысын, айқындылығын және аяқталуын бағалап, қорытындылады. Қазылар алқасы мүшелерінің жалпы дауыс беруімен жүлделі 1,2,3 орындарға жұмыстар іріктелді.
Байқау соңында шығармашылық көзқарасы, жұмыстың бірегейлігі мен материалды ұсынудың эстетикалық мәдениеті бағаланып, үздіктер анықталды.
Сурет байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаздар тізімі:
1 орын - Сүйінбай Дана
2 орын - Ұзақпаева Ұлдай
3 орын - Рахымбай Ержан
Сурет байқауының жеңімпаздарына арнайы сыйлықтар, номинациялар бойынша сувенирлік өнімдер берілді.