ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті 2021  жылдың  7 қазан күні  ерекше білім алуға қажеттілігі бар оқушыларға сабақ  беретін  мұғалімдер  үшін  «Инклюзивті білім беру жағдайында оқу процесін ұйымдастыру жолдары»  тақырыбында облыстық  семинар өткізді. «Zооm» бейнебайланыс режимінде өткен іс-шараға 150 педагог,   аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектептің әлеуметтік педагогтері,  психологтары,  ерекше білім беруге  қажеттілігі бар оқушыларға  сабақ беретін мұғалімдер қатысты. Іс-шара барысында "Ән-Нур-Фат" халықаралық біліктілікті  арттыру  және кәсіби қайта даярлау академиясының ректоры Ф.Бизақова мен  М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетенің «Инклюзивті білім берудегі психологиялық бейімделу» орталығының аға үйлестірушісі, психология ғылымының магистрі С.Үсенова инклюзивті білім берудің теориясы мен технологиясы және ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс жасаудың әдістемесі  бойынша іс-тәжірибесімен бөлісті. Электронды материалдар таратылып, ақпараттық-әдістемелік көмек берілді.

 
 
Top