
Super User
«DULATY UNIVERSITY ХАБАРШЫСЫ» ЖӘНЕ «МЕХАНИКА ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» ЖУРНАЛДАРЫНЫҢ 2021 ЖЫЛҒЫ №1 САНДАРЫ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің жаңартылған «Dulaty University Хабаршысы» журналының алғашқы саны және «Механика және технологиялар» журналының 2021 жылғы №1 саны жарыққа шықты. Журналдарға жарияланған мақалалар электронды форматта http://journal.tarsu.kz мекен жайы бойынша орналастырылған.
«Dulaty University Хабаршысы» журналының алғашқы санында 18 мақала жарық көрді, оның 50% университеттен тыс ғалымдар еңбектері. Авторлар қатарында Шадринск мемлекеттік педагогикалық университеті (Ресей Федерациясы), И. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті (Қырғыз Республикасы), Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлтық университеті, Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты, Қарағанды техникалық университеті, Қ. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты және т.б. отандық және шет елдік ЖОО-ның ғалымдары бар.
Атап өтетін жайт, биылғы жылдан бастап университеттің ғылыми журналдар редакциясы өз жұмысын жаңа жүйемен ұйымдастыруда. «Dulaty University Хабаршысы» журналының алғашқы санына және «Механика және технологиялар» журналының 2021 жылғы №1 санына мақалалар қабылдау ісі цифрлы форматта жүргізілді. Редакция ұжымы ЖАТО мамандарымен бірлесіп алғаш рет онлайн платформа жүйесін әзірлеп, іске қосты. Аталған платформа мақалаларды толығымен электронды форматта қабылдауға және рецензиядан өткізуге мүмкіндік береді. Бүгінде платформа http://journal.tarsu.kz мекен жайы бойынша жұмыс жасауда.
Осылайша журналдарға мақалалар қабылдау, рецензиялау және жариялау тәртібі толығымен ҚР БжҒМ №170 (30.04.2020 ж. қабылданған) бұйрығында бекітілген талаптарға сәйкестендірілді.
Қазіргі уақытта журналдардың 2-санына мақалалар қабылдау ісі жүргізіле бастады. Дулати университетінің оқытушылары мен ғалымдарын және отандық ЖОО-ның мамандарын «Dulaty University Хабаршысы» және «Механика және технологиялар» журналдарының тұрақты авторлары болуға шақырамыз.
НОВЫЙ РУБЕЖ В ОБРАЗОВАНИИ: НАШ ПЕРВЫЙ ВЫПУСКНИК МАГИСТРА ДВУДИПЛОМНОГО ОБРАЗОВАНИЯ
Как известно, магистрант кафедры «Химия и химическая технология» Попов Николай защитил магистерскую диссертацию на тему «Removal of emerging pollutants from aqueous matrices» в рамках соглашения о двудипломной образовательной программе между Таразским региональным университетом им. М.Х.Дулати и Технологическим институтом Браганса (IPB, Португалия). 31 марта 2021 года на ученом совете университета Дулати состоялось торжественное вручение диплома первому выпускнику программы двудипломного образования - Попову Николаю и присвоена степень «магистр техники и технологий».
БІЛІМДЕГІ ЖАҢА БЕЛЕС: ҚОС ДИПЛОМДЫ БІЛІМ БЕРУДЕГІ АЛҒАШ МАГИСТР ТҮЛЕГІМІЗ
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен Браганса Технологиялық институты (IPB, Португалия) арасындағы қосдипломды білім беру бағдарламасы келісімі аясында «Химия және химиялық технология» кафедрасының магистранты Попов Николайдың «Removal of emerging pollutants from aqueous matrices» тақырыбында магистрлік диссертациясы қорғалғаны баршамызға мәлім. 2021 жылдың 31 наурызы Дулати университетінің ғылыми кеңесінде қос дипломды білім беру бағдарламасы бойынша алғаш түлегіміз - Попов Николай салтанатты түрде дипломын алып, «техника және технологиялар магистрі» дәрежесіне ие болды.
«КЕЛ, БАЛАЛАР, ОҚЫЛЫҚ!»
Бір аллаға сыйынып,
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық!
«Су ресурстары» кафедрасының аға кураторының ұйымдастыруымен «Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл» толуына орай «Кел, балалар, оқылық!» тақырыбында ашық кураторлық сағаты өткізілді.
«ЖЫР АЛЫБЫ - ЖАМБЫЛ»
«Су ресурстары» кафедрасы аға кураторы Байжігітова Мадина Төреханқызының ұйымдастыруымен Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай «Жыр алыбы - Жамбыл» тақырыбында семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: Жыр алыбы Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, студенттердің сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру, ақын өлеңдерін сүйе білуге үйрету. Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінінің өнерін сүюге тәбиелеу.
КОНКУРЕНТОСПОСОБНОСТЬ: ОБЩАЯ ПОБЕДА ЧЕЛОВЕЧЕСТВА
Одно из направлении, озвученное на основе Послания Главы государства «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» – это конкурентоспособность. В своем выступлении глава государства отметил: конкурентоспособность - это способность нации предлагать на региональном или глобальном рынке что-то более выгодное по цене или качеству. Это может быть не только материальный продукт, но и образование, услуга, интеллектуальный продукт или качественные трудовые ресурсы. Конкурентоспособность страны означает, что каждый гражданин должен быть талантливым и образованным. Грамотность-это не только овладение сознанием, но и умение показать свою сущность и силу.
С этой целью 31 марта 2021г. в Таразском региональном университете им. М.Х. Дулати, факультетом информационных технологий, автоматики и телекоммуникаций был организован международная онлайн научно-практическая конференция «Цифровое общество как культурно-историческая связь развития человека: от цифровой культуры до киберкультуры».
БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТ: АДАМЗАТТЫҢ ОРТАҚ ЖЕҢІСІ
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жолдауының негізінде айтылған келесі бір бағыт – бәсекелік қабілет. Елбасы өз сөзінде: «Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін.» дейді. Елдің бәсекеге қабілетті болуы, әрбір азаматтың дарында әрі білімді болуы деген сөз. Сауаттылық сананы игеру ғана емес, сонымен қатар өз болмысың мен күшіңді көрсете білу.
Осы мақсатта 31 наурыз 2021ж. күні М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Ақпараттық технологиялар, автоматика және телекоммуникациялар факультетінің ұйымдастыруымен «Сандық қоғам адам дамуының мәдени және тарихи байланысы ретінде: сандық мәдениеттен кибермәдениетке дейін» атты халықаралық онлайн ғылыми-практикалық конференция өтті.
УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫНЫҢ М.А. Е. ӘМІРБЕКҰЛЫНЫҢ ӘСКЕРИ КАФЕДРАҒА КЕЛУІ
2021 жылдың 30 наурызында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ректоры м.а., экономика ғылымдарының докторы, профессор Ержан Әмірбекұлы әскери кафедраның оқу материалдық базасымен танысты.
ПОСЕЩЕНИЕ ВОЕННОЙ КАФЕДРЫ И.О.РЕКТОРА УНИВЕРСИТЕТА Е.ӘМІРБЕКҰЛЫ
30 марта 2021 года и.о. ректора Таразского регионального университета имени М.Х. Дулати профессор, доктор экономических наук Ержан Әмірбекұлы ознакомился с учебной материальной базой военной кафедры.
ЭКСТРЕМИСТІК ТОПТАРДЫ ҚАЛАЙ АЖЫРАТУҒА БОЛАДЫ?
25.11.2020ж. күні «AQ-JOL» Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газетінде Дулати университетіне қарасты Дінтану орталығының бас маманы, дінтанушы Б.Қ.Алпысбаевтың «Экстремистік топтарды қалай ажыратуға болады?» тақырыбында мақаласы жарияланды.