Super User

Super User

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Мәдениет және өнер» кафедрасының ұйымдастыруымен В.Соллогубтың «Беда от нежного сердца» водевильі қойылды

2021 жылдың 29 сәуірде  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Мәдениет және өнер» кафедрасының 1-3 курс орыс тобының студенттері В.Соллогубтың «Беда от нежного сердца» атты водевилін сахналады. Қойылым жыл бойында «Актер шеберлігі», «Режиссура», «Бос уақыттың көркемдік-педогогикалық технологиясы», «Театр ұжымының жетекшісі»  пәндерінен алған білімдерінің нәтижесі. Бұл іс-шара кафедраның аға оқытушылары М.Алим, Б. Избасаровтардың  ұйымдастыруымен өтті.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Мәдениет және өнер» кафедрасының «КЕДЕРГІЛЕРДІ АЛЫП БАЙЛАНЫС ОРНАТАЙЫҚ» атты студенттер арасындағы байланысты нығайту мақсатында өткізілген әдеби-сазды театралды кеш өтті.

2021 жылдың 22 сәуірінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында  М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті  «Мәдениет және өнер» кафедрасының жоғарғы курс студенттері, 1курс студенттеріне арналған «КЕДЕРГІЛЕРДІ АЛЫП БАЙЛАНЫС ОРНАТАЙЫҚ»  атты студенттер арасындағы байланысты нығайту мақсатында өткізілген әдеби-сазды театралды кеш өтті.  

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті  «Мәдениет және өнер» кафедрасының тәрбие жұмысы Мемлекеттік жастар саясатының негізгі стратегиялық бағыттарын іске асыруды көздейді.

Среда, 05 мая 2021 08:35

ЕСЕПТЕР

Среда, 05 мая 2021 06:19

ЛОГОПЕД-ҚАЖЕТТІ МАМАНДЫҚ

Бұл әр түрлі түзету әдістері арқылы сөйлеу кемшіліктерін түзейтін мамандар. Олар балалар мен ересектермен жұмыс істейді. Мысалы, инсульттан зардап шегетін қарт адамдар өте жиі ауызша сөйлеу қабілеттерін жоғалтады, мұндай жағдайларда бір мамандық айрықша болады - логопед! Ол жеке бұзылу жоспарын жасайды, оған сәйкес, сөйлеудің кемшіліктері жойылады, мысалы, қисық, қаттылық немесе лақтыру. Іс жүзінде барлық кішкентай балалардың осындай қиындықтары бар, олар қартайған сайын олардың көпшілігі өздерімен жүреді, бірақ кейбіреулері арнайы көмекке мұқтаж.

Логопед - салыстырмалы түрде жаңа мамандық, ол шамамен 50-60 жыл бұрын пайда болды, адамдар тілмен сөйлесу проблемалары физикалық кемшіліктермен байланысты деп ойламаған кезде пайда болды. Батыстың дәрігерлері сөйлеу кемістіктерінің көрінісін сипаттайтын алғашқылардың бірі болды және ХХ ғасырдың ортасынан оларды жоюдың психологиялық әдістерін қолдануға кірісті. Заманауи әдістер қысқа мерзімде өте әсерлі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

04 мая 2021 года в 19.00 часов в студенческом доме №3 Таразского регионального университета имени М. Х. Дулати была проведена информационно-разъяснительная работа в сфере религии. В данной встрече приняли участие главный специалист Центра религиоведения, религиовед Б. Алпысбаев и главный специалист фронт-офиса «Саналы ұрпақ» А. Кадыркулов. Религиовед Алпысбаев Б. К. призвал студентов остерегаться идеологии нетрадиционных религиозных течений в социальных сетях, связанных с религиозной сферой. Также были озвучены сведения о преемственности религии и традиций, духовном наследии казахских мыслителей и угрозах религиозного экстремизма в научном познании. Мероприятие продолжилось в виде вопросов и ответов.

2021 жылдың 04-мамырда сағат 19.00-де М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің №3 Студенттік үйінде дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жргізілді. Аталған кездесуге Дінтану орталығының бас маманы, дінтанушы Б.Алпысбаев және «Саналы ұрпақ» фронт-офисінің бас маманы А.Қадырқұлов қатысты. Дінтанушы Б.Қ.Алпысбаев студенттерге дін саласына байланысты әлеуметтік желіде дәстүрлі емес діни ағымдардың идеологиясынан сақ болуға шақырды. Сонымен қатар, дін мен дәстүрдің сабақтастығы, қазақ ойшылдардың рухани мұралары және діни экстремизмнің қауіп-қатері туралы ғылыми танымда мәліметтер айтылды. Іс шара соңында сұрақ-жауап ретінде жалғасты.

М.Х. Дулати атындағы Тараз  өңірлік университеті  «Ұстаз» институты, «Білім берудегі» менеджмент кафедрасның ұйымдастыруымен «Мен педагог мамандығын таңдаймын!»  аты  РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА өткізіліп, үздік жас түлектер анықталды.

Педагогикалық олимпиаданың  мақсаты –  цифрлы Қазақстан жағдайында  үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесін жаңғырту аясында педагогикалық кадрлардың дайындық сапасын арттыру  мақсатында  педагог мамандығына талантты түлектерді тарту.

Пятница, 30 апреля 2021 11:32

ЖУРНАЛИСТПЕН ЖҮЗДЕСУ

«Мұнай,  газ және механика» факультетінің ұйымдастыруымен «Парасат жолы: Армандар орындалады» тақырыбында журналист, ақпарат саласының үздігі   Әбдиев Ерман Қанжанұлымен  кездесу болды.

Елдегі етек алған жағдайға байланысты  іс-шара Zoom платформасы арқылы өтті. Аталған  жүздесуге оқу  ордамыздың ұстаздары,  студенттер қатысты.

Алғашқы сөз тізгінін алған «Мұнай, газ және механика» факультетінің деканы Кенжеғали Шилібек кездесу  қонағы Ерман Әбдиевке шынайы алғысын білдіріп, көптің көкейінде жүрген сұрақтарды айта отырып салихалы сұхбат жүргізді.

Дулати университеті 2019 жылдан бері «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында облыстың шалғай ауылында орналасқан мектеп кітапханасын қолдау мақсатында 100 аталым бойынша электронды оқу залын орналастырып, электронды мобильді кітапхананы (100 аталым бойынша), сондай-ақ «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылған оқулықтардың QR-коды қойылған баннерді, жаңа кітаптарды сыйға тарту жұмыстарын жүргізуде. Дәстүрге айналған іс-шараны Дулати университеті бүгін Жамбыл облысы Жуалы ауданы Бәйтерек ауылындағы Т.Тастандиев атындағы орта мектепте ұйымдастырып келді.

Мұндағы басты мақсат - Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың мектеп кітапханаларының кітап қорын  жаңалау, толықтыру бойынша  және Білім және ғылым министрлігінің «Оқуға құштар мектеп» жобасы негізінде облыста шалғайда орналасқан ауыл мектептері кітапханаларына оқу-әдістемелік көмек көрсету, кітап қорын арттыруға ықпал ету, мұғалімдер мен оқушылардың жаңа көркем шығармаларды оқуына мүмкіндік жасау.  

Іс-шара барысында Кітапханалық-ақпарат орталығының директоры Иржанова Гүлжан Жеңісбекқызы қатысушыларға еліміздегі кітапхана желісінің сапалы адами капиталды қалыптастыру мен қоғамдық сананы жаңғыртудағы ролін баса айтты, сондай-ақ оқушыны кітап оқуға қызықтыру үшін алдымен, сапалы кітап қоры жинақталған кітапхана және оның визуалды көрінісінің көзтартарлық болу керектігін ескертті. Мектеп кітапханасына арнайы әкелінген кітаптардың мазмұнымен таныстырды. Соның ішінде Дулати университетінің профессоры Құламанова Зиба Абдуллақызының да жеке кітап қорынан сыйға тартылған оқулықтарды көрсетті. Орталықтың ІТ маманы Өтеген Сәния қатысушыларға электронды кітапханамен жұмыс жасау нұсқаулығын түсіндірді. Мектеп директоры Жорабекова Гүлнар Молдакуловна тосыннан жасалған осындай игі іс үшін  Дулати университетінің ректоры Ержан Әмірбекұлына алғысын білдірді. Себебі ауыл мектептерінің кітапханаларында көркем туындылар мен әдебиеттер тапшы, тіпті қазақ тіліндегі тиісті әдебиеттер өте аз екендігін, оқушылардың  әлем әдебиеті классиктерінің шығармаларына қолы жете бермейтіндігі жайында сөз қозғады.

 Ал, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алиева Гульвира Кәдірбековна бұл сауапты істің мектеп кітапханасын жаңғыртудың құтты қадамы болғандығын жеткізді. Ауыл мектебі кітапханасының кітап қоры аздығы болмаса, мұғалімдер мен оқушылардың жұмыс жасау үшін интернеттің қолжетімді екендігін тілге тиек етті.  Мектеп кітапханашысы кітапхана жұмысымен таныстырып, кітапхананы заманауи жабдықтауда оқу ордамыздың мамандарымен тәжірибе алмасатындығын мәлімдеді. «Оқуға құштар мектеп» жобасының басты мақсаты – оқушыларды кітап оқуға баулу екендігін жеткізіп, сол бойынша атқарылатын жоспарымен бөлісті.

Қазіргі ақпарат ағыны қарқынды дамыған заманда дұрыс ақпарат пен адамға рухани тәрбие беретін кітап оқу маңызды. Осы тұста кітапханашының ролі зор. Себебі алдына келген оқырманның талғаммен кітап оқуын қалыптастыратын бірден-бір тұлға – кітапханашы. Кітап пен кітапханашының ағартушылық қызметінің мәні еш уақытта жоғалмайды.  

Сонымен қатар оқушылардың оқу, сөйлеу мәдениетін арттыруда мектеп кітапханасының орны ерекше. Заманауи кітапханалардың көбеюі еліміздің интеллектуалды деңгейінің артуына зор ықпал ететіндігін ескерсек, Дулати университеті мұндай пайдалы іс-шаралар жүйесін кешенді түрде жүргізуді жалғастыра береді.

«Рухани жаңғыру» жобалық офисінің

маманы Мырзабаева Балмира

Согласно от 14.04.2021 г. письма-запроса Департамента уголовно-исполнительной системы по Жамбылской области главный специалист Центра религиоведения Таразского регионального университета им. М. Х. Дулати Б.К.Алпысбаев,  в период с 27 по 29 апреля провел информационно-разъяснительную работу в сфере религии в исправительных учреждениях 158/2, 158/4. На этой встрече были обсуждены вопросы реализации Закона РК «О религиозной деятельности и религиозных объединениях», «Программы по противодействию религиозному экстремизму и терроризму на 2018-2022 годы» и призвал остерегаться идеологии нетрадиционных религиозных течений. Был показан видеоролик и даны ответы на поставленные вопросы.

Страница 281 из 458
Top