Super User

Super User

Понедельник, 20 марта 2023 10:16

Қош келдің Әз Наурыз

Көктем мен жаңару мерекесі Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына орай «Жерге орналастыру және кадастр» кафедрасының ұйымдастыруымен жастарға ұлттық ойындарды насихаттау мақсатында ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Кафедраның студенттері арасында қазақтың ұлттық ойындары «Асық ату», «Шекемтас», «Қол күрес» және «Арқан тарту» түрлері бойынша күш сынасты. Ұлттық ойындардың ережесіне сәйкес ойын қызу өтті. Ойын нәтижесінде келесі студенттер жеңімпаз атанды. «Қол күрес» ұлттық ойынында алдыңғы қатарға шыққан кафедраның 2 курс студенттері, «Шекемтас» ұлттық ойынында ерекше ойын көрсеткен 6В07311 – «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті бағалау» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Болатбек Аружан, «Асық ату» ойынында мергендік танытқан 3 курс студенттері, «Арқан тарту» ойынында 6В07311 – «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті бағалау» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері арнайы дипломмен марапатталды. Ойында белсенді студенттер 6В07312-«Жерге орналастыру» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Ташметов Алмат, 6В07311 – «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті бағалау» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Жұмабай Дархан, 6В07312-«Жерге орналастыру» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Елеу Әділби, 6В07311 – «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті бағалау» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Молдабеков Тараз алғыс хатпен марапатталды.

Понедельник, 20 марта 2023 10:12

Ұлыстың ұлы күні

Наурыз-это праздник нового года древнетюркских народов. В переводе с персидского слово наурыз означает Новый День. Его отмечают все тюркские народы: казахи, киргизы, узбеки, таджики и многие другие. Это праздник равноденствия. Казахская страна назвала этот день " Ұлыстың ұлы күні ". Март-один из самых живописных месяцев весны. Наурыз особенно почитается казахским народом.

Понедельник, 20 марта 2023 10:11

Ұлыстың ұлы күні

Наурыз- бұл ежелгі түркі халықтарының жаңа жыл мейрамы. Парсы тілінен аударғанда наурыз сөзі жаңа күн деген мағынаны білдіреді.  Оны барлық түркі халықтары: қазақтар, қырғыздар, өзбектер, тәжіктер, тағы  басқалар атап өтеді. Бұл мейрам күн мен түннің теңелген мерзімі. Қазақ елі бұл күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Наурыз  көктемнің ең көркем  айларының бірі. Наурыз айын қазақ халқы ерекше құрметтейді. Себебі, наурыз қыстан шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі.

Понедельник, 20 марта 2023 10:08

Наурыз – праздник мира и добра

17 марта 2023 года со студентами военной кафедры Таразского регионального университета имени М.Х. Дулати, прошла  праздничная беседа «Наурыз - праздник мира и добра». Подполковник запаса Алибеков М.Ф. расказал историю праздника НАУРЫЗ, как его празднуют в Казахстане, казахские национальные традиции, блюда, игры. В заключении беседы поздравил всех с праздником весны Наурыз.

Офицеры по традиции посадили туи на территории военной кафедры и была изготовлена стенгазета.

2023 жылдың 17 наурызында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасының студенттерімен «Наурыз - бейбітшілік пен жақсылық мерекесі» атты мерекелік әңгіме өтті. Запастағы подполковник М.Ф. Алибеков НАУРЫЗ мерекесінің тарихын, оны Қазақстанда қалай атап өтетінін, қазақтың ұлттық дәстүрлерін, тағамдарын, ойындарын айтып берді. Әңгіме соңында барлығын Наурыз мерекесімен құттықтады.

Офицерлер дәстүр бойынша әскери кафедраның аумағына арша отырғызды және  қабырға газеті жасалды.

Преподавателями и студентами кафедры «Химия и химическая технология» Технологического факультета 16 марта 2023 г. в масштабе университета в студенческом доме №1 была организована и проведена акция «Наурыз-коже». Во время проведения мероприятия в Доме студентов №1 был накрыт дастархан и всем присутствующим предложено традиционные национальные казахские блюда и Наурыз коже. Для того, чтобы наурыз коже хорошо пился в народе есть поверье: «Наурыз-коже надо насытиться и будет круглогодичное изобилие!»

2023 жылғы наурыз айының 16–шы жұлдызында «Наурыз–берекем, Наурыз –мерекем!» тақырыбында 22-наурыз мерекесіне орай «Наурыз-көже» атты акциясы №1 студенттер үйінде университет көлемінде ұйымдастырылған іс-шараға Технологиялық факультетінің «Химия және химиялық технология» кафедрасының оқытушылары мен студенттері дастархан жайып, қазақ халқының дәстүрлі тағамдарымен Наурыз көже ұсынды. «Наурыз көжені тойып ішу керек, сонда жыл бойына тоқшылық болады!» деген сеніммен наурыз көже ішіледі.

Пятница, 17 марта 2023 12:33

Ел болам десең, бесігіңді түзе

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп қазақ атамыз айтқандай, бүгінгі жастар еліміздің болашағы. Жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға, діни сауатты болуға, заң аясында жауапкершілікті сезінуге өз үлесін қосатын – білім алатын оқу орны.

Студенттер өмірі - тұлғаның азаматтық қалыптасуының шешуші кезеңі болып табылады
2023 жылдың 15 наурыз күні Дулати университетінің №1 студенттер жатақханасында жастардың арасындағы сауаттылық пен мәдениетті қалыптастыру мақсатындағы «Құқықбұзушылықтың алдын алу» атты кездесу өткізілді.
«Автоматтандыру және телекоммуникация» кафедрасының оқытушылары Р.Ж.Джанузақова мен Л.Н.Есмаханова ұйымдастырған кездесудің мақсаты: студент жастарға қоғамға қауіпті әрекет, қылмыстық жауапкершілік, оған қолданылатын жаза түрлері туралы толық түсіндіру, құқықтық сауаттылығын арттыру, салауаттылыққа тәрбиелеп, өз әрекеттеріне баға бере білуге баулу арқылы шыншыл да, әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру.

15-марта 2023 года преподаватели кафедры «Автоматизация и телекоммуникации» Джанузакова Р.Ж. и Есмаханова Л.Н. провели в Доме студентов №1 семинар на тему: «Пути профилактики правонарушений». В качестве гостя был приглашен Алпысбаев Б.К. главный специалист Центра религиоведения при университета, который поделился своим глубоким мнением по вопросам религии. Для защиты от влияния деструктивных религиозных течений в обществе и защиты от их идеологических угроз была озвучена необходимость высокой религиозной и правовой грамотности студентов.

2023 жылдың 15-наурыз күні «Автоматтандыру және телекоммуникация» кафедрасының оқытушылары Р.Ж.Джанузақова мен Л.Н.Есмаханованың ұйымдастыруымен  №1 студенттер үйінде «Құқық бұзушылықтың алдын-алу жолдары» тақырыбында кедесу семинары өтілді.  Аталған семинарға университет құамындағы Дінтану орталығының бас маманы Б.Қ.Алпысбаев қонақ ретінде шақырылып, дін саласына байланысты өзінің терең ой-пікірімен бөлісті. Қоғамдағы деструктивті діни ағымдардың ықпалынан қорғану және олардың идеологиялық қауіп-қатерінен сақтану үшін студенттердің бойында дінижәне құқықтық сауаттылықтың жоғары болу қажеттілігі айтылды.

Страница 102 из 458
Top