Жамбыл облысында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған облыстық «Дулати кубогы» турнирі өз мәресіне жетті. Турнир волейболдан қыздар арасында ұйымдастырылды.
Биылғы дода тартысты өтіп, өңірдің түрлі аудандарынан жасақталған 11 команда бақ сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша үздіктер анықталып, төмендегідей нәтиже тіркелді:
- 1-орын – Дулати университеті командасы
- 2-орын – Жамбыл облысы құрамасы
- 3-орын – Құлан құрамасы
Турнирге қатысқан барлық командалар мен жеңімпаздарды құттықтаймыз! Спорттық шеберлікті арттырып, оқу орданың намысын қорғауға үлес қосқан волейболшыларға алғыс айтамыз!
