«АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН АҚИҚАТ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығы  мен «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің  техникалық шығармашылық орталығы» КММ – нің ұйымдастыруымен «Аңызға айналған ақиқат» тақырыбында облыстық шығармалар байқауы өтті. Байқау қазақтың қаһарман батыры Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арнайы ұйымдастырылды.

Байқауға   Тараз қаласының  БЖШО, Оқушылар сарайы, ТШО тәрбиеленушілері мен Сарысу, Байзақ, Қордай, Меркі, Мойынқұм,  Т.Рысқұлов, Шу аудандарының қосымша білім беру мекемелерінің тәрбиеленушілері қатысты.

Байқаудың мақсаты  – жас ұрпақ арасында Бауыржан Момышұлының шығармаларын кеңінен насихаттау, отансүйгіштік сезімді күшейту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және дарынды оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. Сонымен қатар, жас қаламгерлерге әлеуметтік-рухани қолдау көрсетіп, олардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.

Ғылыми қызметкерлер, жазушылар, журналистер және тәжірибелі педагогтар қазылар алқасының құрамында болды. Мамандар қатысушылардың жұмыстарына жоғарғы талап бойынша баға берді. Атап айтқанда, жас авторлардың тілдік сауаттылығы, шығарманың құрылымы мен мазмұнының тереңдігі, Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерлігін ашудағы дәлдік пен шынайылық, өзіндік көзқарас пен шығармашылық ерекшелігі басты назарға алынды. Сонымен қатар, балалардың ойды әсерлі жеткізуі, көркем тіл қолдануы, ұлттық құндылықтарды түсіну және оларды заманауи тұрғыда көрсете білуі де жоғары бағаланды.

Байқау нәтижесінде үздік деп танылған жас шығармашыл оқушылар мен жетекшілеріне арнайы дипломдар табысталды.

бауыр1111

 

Прочитано 142 раз
Top