Университ қабырғасында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және студенттер арасында қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында кең көлемде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесуге Тараз қаласы ПБ 1-ПБ бастығы, полиция полковнигі Мерген Қойкенов және ПБ 1-ПБ бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Мақсат Мадимаров арнайы шақырылды.
Кездесу барысында полиция өкілдері қазіргі таңда жастар арасында жиі кездесетін құқықбұзушылық түрлеріне тоқталып, олардың алдын алу жолдарын түсіндірді. Атап айтқанда, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, түнгі уақытта жүріс-тұрыстың нормативтері, жол қозғалысы ережелері, интернеттегі қауіпсіздік, киберқылмыс пен онлайн алаяқтықтан сақтану мәселелері жан-жақты қарастырылды. Сонымен қатар, студенттерге құқықтық жауапкершіліктің барлық деңгейлері – әкімшілік, қылмыстық және тәртіптік жауапкершілік туралы нақты мысалдар келтірілді. Білімгерлер де статистика жүйесіне қызығушылықтарын білдіріп, сауалдарын қойып, тұрмыстық және қоғамдық жағдайларда кездесуі мүмкін құқықтық мәселелер бойынша кеңес алды. Ал, мамандар жастардың құқықтарын қорғау, заң талаптарын орындау, қауіпсіз орта қалыптастыруда олардың рөлі мен жауапкершілігі туралы кеңінен түсіндірді.
Кездесу соңында полиция өкілдері студенттерді белсенді азамат болуға, өз қауіпсіздігіне мұқият қарауға және кез- келген құқықбұзушылықтың алдын алуға шақырды.




