ДУЛАТИ СТУДЕНТІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДА ТОП ЖАРДЫ!

Қазақстан Республикасының халықааралық спорт шебері – Беримкулова Айжан Умиралиқызы еліміздің намысын абыроймен қорғап жүрген пара пауэрлифтинг спортшысы.

Соңғы жылдардағы жетістіктері:

  • 2023 жыл – Грузия мен Таиландта өткен Әлем кубоктарында жалпы есепте 2-орын, үш әрекет бойынша 1-орын.
  • 2024 жыл – Дубай және Грузиядағы Әлем кубогында 3-орын.
  • 2025 жыл – Грузияда өткен Әлем кубогында жеке және командалық есепте 1-орын!

2025 жылдың қазан айында Мысырда өткен Әлем чемпионатында 45 кг дейінгі салмақта 40-тан астам спортшының арасынан 7 орынға ие болды. Бұл нәтиже спортшының 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Паралимпиада ойындарының басты үміткерлерінің бірі екенін дәлелдейді. Жеңімпазды құттықтап, алдағы уақытта биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз!

Прочитано 92 раз
Top