«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Техника қауіпсіздігін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Осы бағытта Әлеуметтік жұмыс басқармасының бастамасымен №1 студенттік жатақханада Тараз қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге Әлеуметтік жұмыс басқармасының басшысы Арнат Ұлтанбаев, Тараз қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Бақытжан Утешов және бас маман, азаматтық қорғау аға лейтенанты Еркебұлан Шарипбаев қатысты.
Кездесу барысында төтенше жағдайлардың алдын алу, қауіпсіздік шараларын сақтау және төтенше жағдайда дұрыс әрекет ету мәселелері талқыланды. Мамандар студенттерге өрт қауіпсіздігінің ережелерін, тұрмыстық газ және электр құралдарын пайдалану кезінде сақтық шараларын сақтау қажеттігін түсіндірді.
Кездесу соңында қатысушылар қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
