“Адал азамат” тақырыбында интеллектуалды ойын ұйымдастырылды

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің Жастармен жұмыс бөлімінің жанынан құрылған “Еркін ойлар алаңы” интеллектуалды пікірсайыс ұйымының ұйымдастыруымен студент жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру бағыты аясында “Адал азамат” атты интеллектуалды ойын өткізілді.

Аталған шараның басты мақсаты – жастардың құқықтық мәдениетін арттыру, жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру, сондай-ақ адалдық, әділдік және жауапкершілік құндылықтарын дәріптеу болып табылады.

Интеллектуалды ойын барысында қатысушылар әртүрлі тақырыптағы сұрақтарға жауап беріп, өз білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін көрсетті. Сонымен қатар, қатысушылар қоғамдағы адал азамат бейнесі қандай болу керектігі туралы өз ой-пікірлерін ортаға салып, пікір алмасты.Шара жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, қоғам өміріне бейжай қарамауға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңыздылығын түсінуге бағытталды. “Адал Азамат” интеллектуалды ойыны білім мен әділдікке негізделген қоғам құру идеясын дәріптеп, студенттер арасында адалдық пен парасаттылық құндылықтарын кеңінен насихаттады.

Ойын қорытындысы бойынша:

  • 1-орын “ЕОА” ұйымы “Ред флаг” командасы
  • 2-орын“Жастар Рухы” ұйымы “ЖР” командасы
  • 3-орын “ЕОА” ұйымы “Прокариоттар” командасы иеленді.

Белсенділік танытқан және жоғары нәтиже көрсеткен қатысушылар ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Прочитано 72 раз
Top