Қайырымдылық – жүректен шыққан ізгілік!

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Жаратылыстану ғылымдар» факультетінде қайырымдылыққа бағытталған жәрмеңке ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттер мен оқытушыларды мейірімділікке, ізгі істерге, өзара қолдау мен бірлікке баулу болды. Жәрмеңке барысында факультет студенттері өз қолдарымен әзірлеген түрлі тағамдар мен бұйымдарды ұсынды. Әрбір қатысушы өз үлесін қосып, игі істе белсенділік танытты. Бұл шара оқу ордамыздағы ұжымшылдық пен адамгершілік құндылықтардың айқын көрінісіне айналды.

Жиналған қаражат көмекке мұқтаж жандарға бағытталады. Осындай шаралар студенттердің азаматтық жауапкершілігін арттырып, қайырымдылық пен ізгіліктің қоғамдағы маңызын сезінуге мүмкіндік береді. Факультет басшылығы мен ұйымдастырушылар қатысқан барлық студенттерге ризашылық білдіріп, алдағы уақытта да мейірімділік пен жылулықты дәріптейтін игі істер жалғасын табатынына сенім білдіреді.

Прочитано 59 раз
Top