«QADAM» интеллектуалдық ойыны ұйымдастырылды

М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде «Ұя» волонтёрлік жастар ұйымының ұйымдастыруымен «QADAM» атты интеллектуалдық ойын өтті.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, танымдық белсенділігін арттыру, білім көкжиегін кеңейту және өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау болды.

Интеллектуалдық сайыс барысында қатысушылар түрлі тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Ойынға университеттің 4 белсенді ұйымы қатысып, өзара бақ сынады:

@lep_dulaty – І орын;

@biz_birgеmiz_dulaty – ІІ орын;

@jastarruhy_dulaty – ІІІ орын;

@10ted.kz – ІІІ орын.

Барлық қатысушыларға белсенділіктері мен ынталары үшін алғыс білдірілді. Жеңімпаздар арнайы марапаттармен және алғыс хаттармен марапатталды. «QADAM» ойыны студенттердің танымдық әлеуетін арттырып, ұйымдар арасындағы серіктестікті нығайтуға бағытталған маңызды шаралардың бірі болды.

Прочитано 58 раз
Top