«ЕЛІМ ДЕП СОҚСЫН ЖҮРЕГІҢ!» АТТЫ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

25 қазан – Республика күніне арналған «Елім деп соқсын жүрегің!» атты салтанатты жиын Дулати университетінде айрықша рухта, жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Салтанатты шараға университеттің профессор-оқытушылар құрамы, ардагер ұстаздар мен студенттер қатысты.

Концертті Басқарма Төрағасы – Ректор Мұхтар Байжұманов құттықтау сөзбен ашып, еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің тарихи маңызына тоқталды. Өз сөзінде, Қазақстан Республикасына деген әрбір азаматтың мақтаныш сезімі бұл күні ерекше асқақтай түсетінін жеткізді. Мұхтар Қазбекұлы ел бірлігін сақтау мен татулықты бағалаудың маңыздылығын айтты. Сондай-ақ, ұлттың жарқын болашағы жолында білім мен ғылымның рөліне ерекше тоқталып, жастарды ел дамуына өз үлесін қосуға шақырды. Ізгі тілегін арнаған университет басшысы білім беру саласында елеулі еңбек етіп жүрген бірқатар профессор-оқытушылар құрамын және ардагер ұстаздарды марапаттады.

Салтанатты шара рух пен өнер тоғысқан концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Университеттің өнерпаздары әсерлі ән мен би, терең мазмұнды көріністер ұсынып, көрермендерді рухани шабытқа бөлеп, ұлттық мерекенің шаттық атмосферасын одан әрі айшықтай түсті. Көрермендер әр өнерпаздардың өнерін ыстық ықыласпен қабылдап, қошемет көрсетті. Жиналған жұрт Әлеуметтік жұмыс басқармасы мен Студенттердің шығармашылығын дамыту орталығының бірлесіп ұйымдастырған мерекелік кештің арқасында, ұлттық күннің тарихы мен маңызын терең сезінді.

Мереке соңында жиналған қауым ұйымдастырушылар мен өнерпаздарға ыстық ықыластарын білдіріп, алғыстарын жеткізді. Тәуелсіздіктің тұғыры мен елдік бірліктің символына айналған бұл мереке – еліміздің айбарлы азаттығын, еңселі егемендігін дәріптейтін ұлық күн ретінде ерекше мәнге ие болды.

улт1111

улт2222

улт3333

улт4444

улт5555

улт6666

улт77777

улт8888

улт9999

улт10 10

улт11 11

улт12 12

 

 

Прочитано 52 раз
Top