ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ ТОП ЖАРДЫ!

25 Қазан - ұлттық мереке Республика күніне орай, оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім саласының қызметкерлері арасында «Кәсіподақ барысы – 2025» атты турнир ұйымдастырылды.

Жарыста М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің оқытушысы Омар Керимов барлық қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, турнир чемпионы атанды. Сондай-ақ, Омар Керимовтың жеңіске жетуіне үлес қосқан жаттықтырушысы Бекнұр Альмешовке алғыс білдіреміз.

Жеңімпаз бен жаттықтырушыны құттықтаймыз! Университет өрендері тек білім мен ғылымда ғана емес, спортта да жоғары нәтижелер көрсетіп келеді!

Прочитано 195 раз
Top