Ақтау қаласында өткен Тұрар Жолдыбаев атындағы Азия кубогында Дулати университетінің студенті Әділет Ахметғали тамаша нәтиже көрсетіп, күміс жүлдегер атанды.
Аталған додада Азияның әр елінен келген үздік спортшылар бақ сынап, жоғары деңгейде бәсекелестік өрбіді. Әділет өзінің шеберлігі мен табандылығының арқасында Дулати университеті мен еліміздің намысын лайықты қорғап шықты.
Жарысқа дайындық барысында қажырлы еңбек еткен жаттықтырушысына және жүлдегерімізге зор алғыс білдіреміз. Бұл жетістік – жастар спортының дамуына және университеттің беделін арттыруға қосылған маңызды үлестердің бірі.