Астана қаласында 10–12 қазан күндері студенттер арасында жүзуден өткен Қазақстан Республикасының ашық чемпионатында Дулати университетінің құрамасы жоғары нәтиже көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша университет спортшылары жалпы есепте 3 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль иеленіп, университеттің абыройын асқақтатты.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Лондон Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин марапаттады.
Дулати университетінің жүзу құрамасының бас бапкері Дастан Джылысбаев пен барлық спортшыларды айқын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жетістік – қажырлы еңбектің, табандылық пен мақсатқа адалдықтың айқын көрінісі. Жаңа белестер мен жарқын жеңістер жолында сәттілік серік болып, спортшыларымыздың жеңіс жолы жалғаса берсін!