М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ УНИВЕРСИТЕТІ — TIMES HIGHER EDUCATION 2026 ЖАҺАНДЫҚ РЕЙТИНГІНЕ ЕНДІ!

2025 жылғы 9 қазанда М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті беделді Times Higher Education (THE) халықаралық рейтингіне тағы да енгізіліп, «Reporter» мәртебесіне ие болды.

Бұл мәртебе университеттің әлемдік деңгейдегі білім мен ғылым сапасына сәйкес келетінін және оның халықаралық академиялық қауымдастықтағы орнын нығайтып келе жатқанын білдіреді.

«Reporter» мәртебесі нені білдіреді:
  -Университет әлемнің жетекші жоғары оқу орындарымен қатар THE жаһандық дерекқорына енгізілді;
  -Рейтингке ресми қатысушы ретінде мойындалды (ақпарат THE сайтында жарияланған);
  -Халықаралық деңгейде көріну мен БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттары (UN SDGs) бойынша жетістіктерді тануға мүмкіндік береді;
  -Алдағы жылдары негізгі рейтинг кестесіне көтерілуге бағытталған маңызды қадам жасалды.

Times Higher Education бағалау көрсеткіштері:
  -Оқыту сапасы — білім беру ортасы;
  -Ғылыми орта — зерттеулер көлемі, табыс және бедел;
  -Зерттеу сапасы — ғылыми ықпал мен дәйексөз келтіру деңгейі;
  -Халықаралық ынтымақтастық — оқытушылар, студенттер және серіктестіктер;
  -Өнеркәсіппен байланыс — табыс және инновациялар.

Неліктен бұл маңызды?
-«Reporter» мәртебесі — жай қатысу емес, бұл Дулати университетінің тұрақты дамуы мен халықаралық беделінің дәлелі.
-Бұл — университет ұжымының, ғалымдар мен студенттердің бірлескен еңбегінің нәтижесі және жаңа биіктерге апарар маңызды белес.

Барша университет қауымдастығын осы жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз!

Прочитано 33 раз
Top