ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ – БЕЛСЕНДІ ӨМІРДІҢ БАСТАУЫ!

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде «Өмір бойы оқу бағдарламаларына шақырамыз!» тақырыбында семинар өтті. Семинар «Күміс университеті» жобасы аясында жүзеге асырылды.

Ұйымдастыру комитеті: «Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау» орталығы.

Семинар мақсаты – қоғамда өмір бойы білім алу мәдениетін қалыптастыру, егде жастағы азаматтарды белсенді өмір салтына тарту және олардың әлеуетін дамытуға жағдай жасау.

Семинарға  «Қазақ аналары – Дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің аналары қатысып, білімдерін жаңа дағдылармен толықтырды.

Марапаттау барысында қатысушыларға 36 сағаттық оқу бағдарламасын сәтті аяқтағандары үшін сертификаттар табысталды.

Орталық басшысы Альбина Әбенқызы құттықтау сөз алып, үздіксіз білім алудың маңыздылығына тоқталды. Ол өз сөзінде, өмір бойы оқу – адамның дамуын тоқтатпайтын күш екенін, әр күн жаңа біліммен толығып отырса, өмір де соғұрлым мәнді әрі жарқын болатынын жеткізді.

Сонымен қатар, «Әлеуметтік психология» кафедрасының аға оқытушысы, «Инклюзивті білім берудегі психологиялық бейімдеу» орталығының бас маманы Сандуғаш Үсенова да қатысушыларды шын жүректен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Ол өз сөзінде, өмір бойы оқу бағдарламалары адамдарға өзін табуға, дамушы ортаға бейімделуге көмектесетінін және үлкен жастағы азаматтарға жаңа серпін беретінін ерекше ықыласпен жеткізді.

Марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз! Білім жолындағы талпыныстарыңыз бен ізденістеріңіз өз жемісін беріп, өмір бойы дамуға шабыт берсін! Жаңа білім – жаңа мүмкіндік, ал үздіксіз оқу – табысты өмірдің кілті!

был1111

был222

был3333

был444

был555

 

Прочитано 38 раз
Top