ЕСІРТКІНІҢ ЗИЯНЫ МЕН ЗАРДАБЫ ЕСКЕРТІЛДІ

Университет қабырғасында білімгерлерге есірткінің зияны мен зардабын түсіндіру мақсатында мамандармен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге Жамбыл облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс- қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Айгерім Каукешова, Жастар ресурстық орталығының Жастар ісі жөніндегі маманы Құралай Бикенова, Жаратылыстану ғылымдары факультетінің Тәрбие ісі бойынша декан орынбасары Айнұр Толқынбаева, Әлеуметтік жұмыс басқармасының басшысы Арнат Ұлтанбаев және студенттер қатысты.

Мамандар түрлі инфекция жұқтырудың салдары мен есірткі қылмысына қатысты іс-қимыл әрекеттері, «синтетикалық» есірткіден төнетін қауіп, жаңа психоактивті заттардың таралуы жөнінде толыққанды түсіндіріп берді. Алаяқтар қазіргі таңда интернет арқылы жастарды есірткі таратуға итермелейтіні жайында және есірткі сатудың неге әкеліп соқтыратыны туралы мысалдар келтірілді.

Кездесу барысында полиция майоры Айгерім Каукешова жастардың ондай жағымсыз жағдайлардан аулақ болу керегін айтып, өз болашақтарына балта шаппауға шақырды. Сонымен қатар, есірткінің заңсыз айналымы саласында қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталатынын, ал ол болашақта жұмысқа орналасу кезінде кедергі болуы мүмкін екенін баса айтты.

Кездесу соңында білімгерлер жастар арасында есірткі затын тарату, оны қолдану мәселелерін талқылауға белсенді қатысты. Осы бағытта қызметкерлер толыққанды мағлұматтармен бөлісіп, студенттер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Сонымен қатар, білім алушыларға құқықтық кеңестер беріліп, айтылған мәселелерді өздерінің жанындағы құрбылары мен достарына жеткізіп, оларды да есірткіден аулақ болуға шақырды.

есырткы1111

есырпткы2222

 

Прочитано 30 раз
Top