Университет қабырғасында «Болашақ» халықаралық стипендиясының «Ғылыми тағылымдама» бағдарламасы аясында ақпараттық кездесу ұйымдастырылды.
Кездесудің мақсаты – университет ғалымдарын халықаралық ғылыми тағылымдамаларға қатысуға ынталандыру, жаһандық академиялық ортада тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін кеңейту арқылы ғылыми әлеуетті арттыру.
Кездесуді Басқарма мүшесі – стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Шолпан Есімова алғы сөзбен ашып, бірқатар ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, «Ғылыми тағылымдама» бағдарламасының жоғары білім беру жүйесін дамытудағы маңызы мен университет ғалымдарының халықаралық тәжірибе алмасудағы рөлін атап өтті.
Кездесу барысында 2024 жылы шетелдік ғылыми тағылымдамадан өткен профессор-оқытушылар құрамы өз ой-пікірлерін ортаға салып, тағылымдаманың ғылыми және кәсіби дамуға қосқан үлесі туралы әңгімеледі. Атап айтқанда, Маржан Калмаханова, Мақпал Қайназарова және Аслан Мурзахметов шетелдік ғылыми орталықтарда өткізген уақыттары жайлы баяндап, ондағы зерттеу мәдениетінің ерекшеліктері, заманауи ғылыми әдістер мен инновациялық тәсілдер туралы сөз қозғады. Сондай-ақ, халықаралық тәжірибе олардың кәсіби көкжиегін кеңейтіп, жаңа ғылыми идеялар мен ынтымақтастық мүмкіндіктерін қалыптастыруға ықпал еткенін жеткізді.
Сонымен қатар, Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Гүлнұр Исабекова қатысушыларға «Ғылыми тағылымдама» бағдарламасына өтінім беру тәртібі мен конкурстық кезеңдердің барысы туралы толық ақпарат берді.
Кездесу соңында қатысушылар еркін форматта пікір алмасып, пайдалы кеңестер мен жаңа ақпараттармен бөлісті.