Shakhmardan Yessenov Foundation hard skills және/немесе soft skills дағдыларын дамытуға арналған 10 грант байқауын жариялайды!
ЕГЕР СЕН:
- ҚР азаматы болсаң;
 - Қазақстандық ЖОО студенті немесе ағымдағы маман/қызметкер болсаң;
 - Cенің мамандығың – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, жаратылыстану, математика және статистика, денсаулық сақтау саласында болса;
 - Өзіңнің soft және/немесе hard skills дағдыларыңды дамытқың келсе.
 
Ондасенің ГРАНТТЫ ҰТЫП АЛЫП, ұзақтығы 12 айға дейінгі онлайн/офлайн оқудан өтуге мүмкіндігің бар!
Грант сомасы 600 000 теңгені құрайды!
Бұл үшін 2025 ж. 10қыркүйектен бастап 14 қазанға дейін төмендегі онлайн-өтінімді толтырып, келесі құжаттар пакетін ұсыну қажет:
Міндетті құжаттар:
- Жеке куәліктің сканы;
 - Неліктен оған қосымша дағдылар қажет екенін, олардың кәсіби және жеке өміріне қалай әсерететінін түсіндіруі керек эссе;
 - Түйіндеме.
 
Қосымша құжаттар:
- Үміткердің жетістіктерін және/немесе бағдарлама Ережесінің 3.1. тармағына сәйкес нақты саладағы мүдделерін білдіретін Портфолио және тиісті растауды ұсыну: – 3 құжаттан артық емес;
 - Ұсыным – 1 құжаттан артық емес;
 - Академиялық жетістіктер, зерттеу және/немесе инжинирингтік қызметтегі жетістіктер, түрлі деңгейдегі конференцияларға, семинарларға қатысқандары үшін сертификаттар – 3 құжаттан артық емес*;
 - Жеке немесе ұжымдық жарияланымдар–2 құжаттан артық емес;
 - Диплом,болған жағдайда (соңғы оқу орны) – 1 құжаттан артық емес;
 - Әлеуметтік белсенділік және еріктілік сертификаттары – 2 сертификаттан артық емес*
 
*Қор сертификаттардың шектеулі санын қарастырада. Үміткер өзінің жетістіктерін жақсы көрсететін сертификаттарды өз бетінше таңдауы керек.
			