КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Университет қабырғасында 4 курс студенттерімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Болат Исаханович Көпдікбаев кездесті. Кездесуді университеттің академиялық жұмыстар жөніндегі департаментінің басшысы С.Қ.Әлімбаева жүргізді.

Шара барысында белсенді әрі талантты жастарды мемлекеттік қызметке тарту, студенттер арасында мемлекеттік қызметті насихаттау мәселелері қаралды. Болат Исаханович мемлекеттік қызметтің ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне тоқталып, түлектердің әкімшілік лауазымдарға конкурссыз тағайындалу мүмкіндіктері туралы баяндап берді.

Кездесу соңында студенттер көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды. Мұндай іс-шаралар апта бойы университеттің барлық факультеттерінде өткізілмек.

келелы11111

келелы2222

келелы33333

келелы4444

 

Прочитано 51 раз
Top