Желілік білім беру бағдарламасының алғашқы түлектеріне диплом табысталады

Тараз қаласында Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті мен М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті арасындағы серіктестік аясында жүзеге асырылған желілік білім беру бағдарламасының алғашқы түлектеріне арналған салтанатты диплом табыстау рәсімі өтеді. Бағдарлама индустриялық серіктес — «Қазфосфат» ЖШС-мен тығыз әріптестікте іске асырылып келеді.

Аталған шара Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібі үшін білікті кадрлар даярлауға бағытталған бірлескен білім беру траекториясының алғашқы нәтижесін білдіреді. Желілік оқыту форматы аясында студенттер академиялық мобильділік арқылы білім алып, кәсіби құзыреттіліктерін тереңдетіп, бағдарламаның бір бөлігін Мәскеудегі Д.И. Менделеев атындағы РХТУ-де оқыды.

Салтанатты рәсімге серіктес ұйымдардың өкілдері қатысып, түлектерге ақжарма тілектерін білдірді. Дулати университетінің стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Шолпан Алтынбекқызы түлектерге ақжарма тілектерін білдіреді.

Сонымен қатар қатысушыларға техника ғылымдарының докторы, профессор, Д.И. Менделеев атындағы РХТУ ректоры Евгений Владимирович Румянцевтің бейнеқұттықтауы ұсынылады.

Салтанатты кештің әсерлі сәті – желілік модель бойынша білімін табысты аяқтаған алғашқы түлектерге диплом табыстау рәсімі болмақ. Ата-аналар атынан Ербол Бегімханович Төлегенов жүрекжарды алғыс сөзін арнайды.

Бұл оқиға – академиялық интеграция стратегиясының нақты жемісі және ел экономикасының маңызды салаларына жаңа буын мамандарын сапалы даярлауға деген ортақ ұстанымның көрінісі.

диплом1111

липлом2222

диплом333

нов нов

дитилом5555

диплом6666

 

Прочитано 40 раз
Top