М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ АЗИЯ КУБОГЫНДА ТОП ЖАРДЫ!

Алматы қаласында өткен дзюдодан Азия кубогында университетіміздің спортшы жастары ел намысын абыроймен қорғап, тамаша нәтиже көрсетті. Дене шынықтыру және спорт мамандығының 3-курс студенті Досберген Дильназ -63кг салмақ дәрежесінде Азия кубогында үздік өнер көрсетіп, ІІ орын иеленсе, дәл осы мамандықтың студенті Құралбай Іңкәр -48 кг салмақ дәрежесінде чемпион атанды!

Сонымен қатар, ерлер арасында ұлттық құрама сапында ел намысын қорғаған Махамбет Сенім жарысты -100кг келі салмақ дәрежесінде ІІІ орынмен қорытындылады.

Еліміздің абыройын асқақтататын жеңістер жалғасын таба берсін!

азмя111

 

Прочитано 38 раз
Top