Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасындағы XIII жазғы Универсиада өз мәресіне жетті. Бір айға созылған байрақты бәсекеге еліміздің 79 жоғары оқу орнынан спорттың 17 түрінен командалар қатысып, тартысты дода өтті.
М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің спортшылары Универсиадада жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, 15 алтын, 12 күміс және 31 қола медальмен жалпыкомандалық есепте 5-орынға тұрақтады.
Келесі, XIV жазғы Универсиаданы Алматы қаласындағы Қазақ спорт және туризм академиясы қабылдап өткізетін болады.
Спорттық жетістіктер жалпы командалық есеп бойынша:
Таэквондо:
• Ерлер – командалық есепте ІІІ орын
• Әйелдер – І орын
Каратэ-до:
• Ерлер – ІІ орын
• Әйелдер – ІІІ орын
Қазақ күресі:
• Әйелдер – ІІІ орын
Еркін күрес:
• Ерлер – ІІІ орын
Грек-рим күресі:
• Ерлер – ІІІ орын
Футзал:
• Құрама команда – І орын
Жүзу спорты:
• 5 күміс, 4 қола
Дзюдо:
• 1 күміс, 3 қола
Бокс:
• 3 алтын, 2 күміс, 2 қола
Ерекше алғыс:
Университет құрамаларының жоғары деңгейде өнер көрсетуіне үлес қосқан профессор-оқытушылар құрамына және студенттерге шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Сондай-ақ, командаларды жасақтап, ұйымдастыру жұмыстарын үйлестірген «Сұңқар» спорт клубының жетекшісі Дастан Жылысбаевқа ерекше ризашылығымызды білдіреміз.
Қатысқан жаттықтырушылар:
• Дастан Жылысбаев – «Сұңқар» спорт клубының төрағасы, жүзу құрамасының бас бапкері
• Жамбыл Бекназаров – «Дене тәрбиесі» кафедра меңгерушісі, футзал құрамасының бас бапкері
• Ерік Махамбетов – таэквондо құрамасының бас бапкері
• Жанар Камысбаева – тоғызқұмалақ құрамасының бас бапкері
• Айгүл Таймағанбетова – каратэ-до құрамасының бас бапкері
• Еркебұлан Көшкін – еркін күрес жаттықтырушысы
• Ербол Тельбаев, Серік Альшанов – грек-рим күресінің бапкерлері
• Әділет Бубеев – дзюдо және қазақ күресі құрамаларының бас бапкері
• Нұрлан, Жомарт Ақүрпековтер, Нұржан Темірбай – бокстан бапкерлер
• Асылбек Умаров, Қанат Кенчимов, Нұрдәулет Ағаниязов – волейбол (қыздар) құрамасының бапкерлері
• Ізбасар Өксікбай – футзал құрамасының бас бапкері
Жүлдегер студенттер тізімі:
Таэквондо (15 медаль):
1 орын – Асылбекова Камилла, Ан Максим (2), Руслан Наргиза, Ахметова Элина, Новокшонов Артём, Сейсенбаев Мәди, Қойшыбекова Наргиза
2 орын – Ысқақ Алихан
3 орын – Алтынбеков Тимур, Ысқақ Алихан, Биметова Рухшона, Нұрлашқызы Нурия, Турдиев Адил, Дүзелбай Жасұлан
Дзюдо:
2 орын – Махамбет Сенім
3 орын – Ахметғали Әділет, Тымбаев Ернұр, Досберген Дильназ
Каратэ-до:
1 орын – Савидова Асылай, Әбдіқадыр Мирас
2 орын – Сәттұрсын Нұрхат, Батырхан Алуа, Мырзағали Арафат
3 орын – Щорсов Аблайхан, Жақып Нұрдәулет
Қазақ күресі:
1 орын – Құралбай Іңкәр
2 орын – Досберген Дильназ
3 орын – Байғараева Сағат, Балғабаева Аяулым, Танжарыкова Ұлдана
Жүзу спорты:
2 орын – Царёв Михаил, Баймерекова Ирада, Чащухина Екатерина (2), Алпысбай Аида, Антропова Василиса
3 орын – Царёв Михаил, Баймерекова Ирада, Чащухина Екатерина (2)
Бокс:
1 орын – Абдрасилова Анель, Аманжол Қасым, Жексен Бийбарыс
2 орын – Серік Назерке, Оразбай Нұрсұлтан
3 орын – Молдаш Сұлтан, Молжигитов Диас
Еркін күрес:
1 орын – Мұхтар Санжар, Нұрланбек Әбдінұр
2 орын – Ануаров Әділет
3 орын – Алқадыр Арыстан, Сәттібай Бекнұр
Грек-рим күресі:
1 орын – Жарылқасын Саят
3 орын – Қадыр Бағлан, Қалмаханбет Нұрасыл, Аманалы Нұрасыл
Футзал:
1 орын – Лесбек Диас, Серікұлы Димаш, Нұрымбет Абинұр, Жаманкулов Бахтияр, Абдраймов Бахтияр, Оңласын Нұрмамбет, Сәрсенбек Бағжан, Мүсретбек Дәулет, Үсенов Ораз, Джубаев Берік, Баймолда Абзал, Наркулов Құдайберді
Дулати университетінің спортшыларына – жарқын жеңістер мен биік белестер тілейміз!