ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАННЫҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ЖАҢА СЕРІКТЕСТІККЕ ЖОЛ АШТЫ

М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті мен Мирзо Улугбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университеттері коллобарациялық келісім және ынтымақтастық аясында ғылым, ғылыми- әдістемелік тәжірибе алмасу барысында тұрақты жұмыстар жүргізілуде.

Халықаралық байланыстарды нығайту барысындағы кездесуге Мирзо Улугбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетінің оқу әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Ж.О.Мухаммадиев, Педагогика және әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы А.Н.Турарова, «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының меңгерушісі А.А.Сманова қатысты.

Кездесу барысында ғылыми және ғылыми-әдістемелік сипаттағы бірлескен іс-шараларды өткізу, білім беру сапасын арттыруға бағытталған бірлескен инновациялық жобаларды әзірлеу және іске асыру, білім алушылар мен педагогтерге ғылыми кеңес беруді ұйымдастыру, тәжірибе және біліммен алмасу жұмыстары талқыланды.

Сонымен қатар, Мирзо Улугбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университеті, «Әлеуметтік ғылымдар» факультеті, «Педагогикалық білім беру» кафедарасының ұйымдастыруымен өткен «Имиджи учителя XXI века: историческое наследие, международный опыт, проблемы и пути их решения» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды. Конференцияға фил.ғ.к., доцент Турарова А.Н., PhD, қауымдастырылған профессор, Сманова А.А, п.ғ. к., доцент Қашқынбаева З.Қ., аға оқытушы Алиева А.С қатысып, өз баяндамаларын ұсынды. Қатысушылар баяндамаларды үлкен қызығушылықпен қабылдап, белсенді пікір алмасты.

Аталған конфереция Қазақстан мен Өзбекстан жоғары оқу орындарының табысты ғылыми ынтымақтастығының айқын дәлелі болды.

озбекстан1111

озбекстан222

 

Прочитано 91 раз
Top