АСА маңызды!!!!
БОСАҒАН БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫН ТАҒАЙЫНДАУ БАЙҚАУЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ
Құрметті студенттер!
2024-2025 оқу жылындағы жоғары білім алу үдерісі барысында босаған бос білім беру гранттарын тағайындау үшін байқау жарияланады.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабының 26) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 25 тамыздағы № 443 бұйрығымен бекітілген «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары және жоғары оқу орынан кейінгі білімге ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларының 17, 18 тармақшасына сәйкес жоғары білім алу үдерісі барысында босаған білім беру гранттары білім беру бағдарламасы бойынша ақылы негізде білім алушылар арасында байқау өткізу арқылы тағайындалады.
Жоғары білім алу үдерісі барысында босаған білім беру гранттарын тағайындау демалыс кезінде, яғни 2024-2025 оқу жылының жазғы емтихан сессия қорытындысы бойынша байқау негізінде іске асырылады.
Босаған білім беру грантын алуға байқау жүргізу кезінде үлгерімнің орташа балының көрсеткіші бірдей болған жағдайда оқудың барлық мерзімі бойынша тек А,А- («өте жақсы»), одан соң А, А- («өте жақсы») бастап В+, В, В-, С+ («жақсы»), ары қарай аралас бағалары бар үміткерге беріледі.
ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:
- Ақылы негізде оқитын студенттің білім беру гранты бойынша оқуы туралы ЖОО ректоры атына жазылған өтініші;
- Студенттің транскрипті;
- Студенттің жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;
- Әлеуметтік мәртебесі туралы анықтама (қажет болған жағдайда).
М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің
жоғары білім алу процесінде грант бойынша босатылған бос орындары
БАКАЛАВР
(30.05.2025 жылға)
№ |
Білім беру бағдарламаларының тобы |
Код - Білім беру бағдарламасы
|
Қабылдау жылы
|
Курс |
Орын саны
|
Топтағы білім бағдарламалары |
|
В068 - Азық-түлік өнімдерінің өндірісі |
6В07214 - Тамақ және өңдеу өндірістерінің технологиясы және инженерингі |
2024 |
2 |
2 |
6В07214 - Тамақ және өңдеу өндірістерінің технологиясы және инженерингі 6В07215 - Азық-түлік өнімдерінің технологиясы |
||
2 курс – 2 орын |
|||||||
B003 - Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістері |
6B01301 - Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі |
2023 |
3 |
2 |
6B01301 - Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі |
||
B057 - Ақпараттық технологиялар |
6B06116 - Компьютерлік жүйелер мен желілерді әкімшіліктеу, басқару және қорғау |
2023 |
3 |
1 |
6B06111 - Информатика және компьютерлік ғылымдар 6B06113 - Бағдарламалау және бағдарламалық қамтамасыздандыруды әзірлеу 6B06114 - Информатика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар 6B06116 - Компьютерлік жүйелер мен желілерді әкімшіліктеу, басқару және қорғау 6B06118 - Ақпараттық жүйелер және технологиялар 6B06120 - Бағдарламалық инженерия |
||
В068 - Азық-түлік өнімдерінің өндірісі |
6В07215 - Азық-түлік өнімдерінің технологиясы |
2023 |
3 |
1 |
6В07214 - Тамақ және өңдеу өндірістерінің технологиясы және инженерингі 6В07215 - Азық-түлік өнімдерінің технологиясы |
||
3 курс – 4 орын |
|||||||
В006 - Музыка мұғалімдерін даярлау |
6В01402 - Музыка мұғалімдерін даярлау |
2022 |
4 |
1 |
6В01402 - Музыка мұғалімдерін даярлау |
||
B010 - Физика мұғалімдерін даярлау |
6B01502 - Физика мұғалімдерін даярлау |
2022 |
4 |
1 |
6B01502 - Физика мұғалімдерін даярлау |
||
В020 - Арнайы педагогика мамандарын даярлау |
6B01901 - Логопедия |
2022 |
4 |
1 |
6B01901 - Логопедия 6B01903 - Арнайы педагогика-Дефектология 6B01904 - Тәрбиеші. Мектепке дейінгі білім берудегі логопед 6B01905 - Олигофренопедагогика сурдопедагогика негіздерімен |
||
4 курс – 3 орын
|
|||||||
МАГИСТРАТУРА
№ |
Білім беру бағдарламаларының тобы |
Код / Білім беру бағдарламасы
|
Қабылдау жылы
|
Курс |
Орын саны
|
Топтағы білім бағдарламалары |
|
M013 - Химия педагогтарын даярлау |
7M01504 Химия педагогтарын даярлау |
2024 |
2 |
1 |
7M01502 - Химия педагогтарын даярлау |
|
M114 Тоқыма: киім-кешек, аяқкиім және былғары бұйымдары |
7M07211 Инновациялық текстиль |
2024 |
2 |
1 |
7M07211 Инновациялық текстиль |
Барлығы – 2 орын |
||||||
Барлығы университет бойынша вакант грант – 11 орын |
Назар аударыңыздар! Грант иегерлерінің (оның ішінде бос гранттар) назарларына!
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен шеккен шығыстарды өтеу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 11 тамыздағы № 403 бұйрығына сәйкес:
Заңның 26-бабының 8-тармағының 3) тармақшасында белгіленген квота шегінде педагогикалық, медициналық, ветеринариялық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түскен ауыл жастары қатарынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) бітіргеннен кейін меншік нысанына қарамастан, ауылдық жерде орналасқан тиісінше білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарында, ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелерінде, ветеринария ұйымдарында, аграрлық бейіндегі ұйымдарда кемінде үш жыл жұмыспен өтейді.
Заңның 26-бабы 8-тармағының 6) тармақшасында белгіленген квота шегінде педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түскен ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары тізбесі "Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 83 қаулысында айқындалған қоныс аударуға арналған өңірлерде ЖЖОКБҰ-ны бітіргеннен кейін кемінде екі жыл жұмыс істейді.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогикалық және медициналық мамандықтарға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары ЖЖОКБҰ-ны немесе денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарды (бұдан әрі - ДССҒҰ) бітіргеннен кейін кемінде үш жыл тиісінше білім беру ұйымдарында және денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыспен өтейді.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде басқа мамандықтар бойынша білім алған Қазақстан Республикасының азаматтары ЖЖОКБҰ-ны бітіргеннен кейін кемінде үш жыл меншік нысанына қарамастан ұйымдарда жұмыспен өтейді.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бейіні бойынша доктор бағдарламасы бойынша докторантурада білім алған Қазақстан Республикасының азаматтары оқуды аяқтағаннан кейін кемінде үш жыл мемлекеттік органдарда немесе ЖЖОКБҰ-да немесе ғылыми ұйымдарда жұмыспен өтейді.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде философия докторы (PhD) бағдарламасы бойынша докторантураға оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары оқуды аяқтағаннан кейін кемінде үш жыл ЖЖОКБҰ-да немесе ғылыми ұйымдарда жұмыспен өтейді.
Өтініш үлгісі
__________________________ /қолы/ «_____»_____________20___ж. |
М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор М. Байжумановқа ________________________________________ _______________институтының/факультетінің ________________________________________ ___________________________________/БББ-ң _____курс студенті________________________ _________________________________________ _________________________________________ /А.Ж.Ә. толық/ |
ӨТІНІШ
Маған білім беру грантын тағайындауды қарастыруыңызды сұраймын. Менім GPA-ды ашық түрде жариялануына келісемін.
Транскрипт тіркелген.
«___»__________2025ж. _____________________