ЕСІК ЖАЗУЫ - ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ КӨНЕ ЖАЗУ

Университет қабырғасында жаратылыстанушы ғалым, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Мағрипа Жылқыбаеваның 80 жылдығына арналған «Есік жазуы - Орталық Азиядағы көне жазу» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Ұйымдастыру комитеті: Жаратылыстану ғылымдары факультеті «Білім берудегі тарих және география» кафедрасының доценті әрі «Мұрагер» үйірмесінің жетекшісі Гүлжан Идрисова.

Жиынның мақсаты – студенттер мен оқушыларды ғылыми зерттеу жұмыстарына баулу, ғылыми ізденіс жұмыстарымен айналысуға бағыт-бағдар беру. Мағрипа Жылқыбаеваның еңбектерімен таныстыру арқылы теориялық талдау және мамандық бойынша кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу.

Жиынға Жамбыл облысы және Тараз қаласының мектеп оқушылары мен мұғалімдері, колледж студенттері, оқытушылары қатысты.

«Білім берудегі тарих және география» кафедрасының меңгерушісі Аурика Серубаева сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Мағрипа Жылқыбаеваның күміс зереншедегі 26 таңбаның ашылуына үлес қосқан ғалымның еңбек жолымен таныстырып, толық мағлұматтар берілді. Сонымен қатар, кафедра доценті Бақытжан Жүрсінбаев сөз алып, оқушылар мен студенттерге Есік қаласында орналасқан Алтын адамның қасынан табылған күміс тостағандағы таңбалардың зерттелуіне тоқталды.

Жиынға Талас ауданы Қаратау қаласы Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебі, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімі» КММ Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектебі, Жамбыл ауданы Байгелды Кейкиев орта мектебі, Байзақ ауданы, Сарыкемер Н.Киікбаев атындағы мектеп- гимназиясы, Тараз қаласы №55 орта мектебі, Тараз қаласы №9 мектебі, Тараз қаласы №6 мектебі және тарих мамандығының 1, 2, 3 курс студенттері белсенді қатысты. Тарих мұғалімін даярлау мамандығының студенттері мен үйірме мүшелері, Байзақ ауданы, Н.Киікбаев атындағы мектеп- гимназиясының 10 сынып окушылары және Қаратау қаласының окушылары мен ұстаздары белсенділік көрсетті. Қонақтарға Есік қорғанынан табылған күміс зереншедегі 26 таңбасының деректерінің әлі де болса толық ашылмай жатқанын және ол туралы ғалымдардың құнды деректері таныстырылды.

Дөңгелек үстелде белсенділік көрсеткен оқушылар мен студенттер І, ІІ, ІІІ орын жүлделі орындарға ие болды. Қалған қатысушылар сертификатпен марапатталып, белсенділік білдірген ғылыми жетекшілерге Алғыс хат табысталды. Қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.

есык1111

есык2222

 

Прочитано 36 раз
Top