Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік зерттеу университетінде жоғары оқу орындары арасында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан “Өнерпаз болсаң арқалан” атты республикалық пәндік олимпиаданың XVII маусымы өз мәресіне жетті. Аталған білім сайысында еліміздің түкпір-түкпірінен келген дарынды студенттер бақ сынасты.
Биылғы олимпиада B092 – Тынығу дайындық бағыты бойынша білім беру бағдарламаларының тобы арасында жоғары деңгейде өтті. Әр оқу орны өз білімгерлерінің кәсіби дайындығы мен шығармашылық әлеуетін паш етуге тырысты. Осындай маңызды додада Тараз өңірлік университеті атынан қатысқан “Дулати жастары” командасы жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, жүлделі ІІ орынға ие болды.
Білім алушылардың тынымсыз еңбегі мен жетекшілерінің кәсіби бағыт-бағдарының нәтижесі жоғары дәрежеде болды. Олар олимпиада барысында теориялық білімдерін, практикалық машықтарын, көшбасшылық қабілеттерін және командалық жұмыс істеу дағдыларын жоғары деңгейде көрсете білді.