УНИВЕРСИТЕТ ҒАЛЫМЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Университет қабырғасында «Биология» кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Гүлнар Зияева университеттің ғылыми қызметін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталды.

Басқарма Мүшесі – ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейтжан Орынбаев құттықтау сөз алып, профессордың ғылыми саладағы еңбегін жоғары бағалады. Гүлнар Керімбекқызының табандылығы мен жаңашылдығы, ғылыми зерттеулердегі табысты қызметі мен белсенділігі – университетіміздің ғылыми әлеуетін арттыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі екенін жеткізді.

Марапат университеттің Ғылым және коммерцияландыру департаменті Коммерцияландыру бөлімінің ұсынысымен, Басқарма Төрағасы – Ректор Мұхтар  Байжұмановтың атынан табысталды. Бұл Алғыс хат – ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды сапалы әрі уақытылы орындауда көрсеткен жоғары жауапкершілігі мен кәсіби белсенділігі үшін, сондай-ақ университеттің ғылыми-инновациялық әлеуетін арттыруға қосқан үлесі үшін берілді.

Марапат иесін құттықтаймыз! Алдағы уақытта кәсіби табыс, жаңа жетістіктер, сәттілік және шығармашылық шабыт тілейміз!

Прочитано 69 раз
Top