Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген «Дәрежелерді беру қағидаларының» 33 бабына Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 2024 жылғы 29 тамызда бекітілген «Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ диссертациялық кеңесі туралы ережесінің» 7.8 бабына сәйкес М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің қызметкері Ұлпан Сәменқызына «8D02314 – Әдебиеттану» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.
Ұлпан Сәменқызын ғылыми атағымен құттықтаймыз! Әрі қарай кәсіби табыстар, жаңа жетістіктер мен шығармашылық шабыт тілейміз!