Университет қабырғасында «Цифрлық дәуірдегі кәсіптердің трансформациясы» тақырыбында XXVII студенттік ғылыми-тәжірибелік конференцияның жабылу салтанаты өтті.
Конференцияның мақсаты – цифрлық технологиялар жағдайында адами капитал мен білім беруді дамыту арқылы еңбек нарығында жаңа мүмкіндіктер ашу.
Конференция жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық, педагогикалық және экономикалық ғылымдар бағыты бойынша жүргізілді. Конференция барысында 8 студенттің пленарлық баяндамасы тыңдалып, 17 секция отырыста 345 студенттің баяндамасы талқыланды.
Ұсынылған баяндамалар жоғары өзектілігі мен практикалық маңыздылығымен ерекшеленді. Баяндамада цифрлық технологиялар саласындағы қазіргі тенденциялар мен мәселелер қаралды. Мәселен, цифрлық трансформацияны дамытудағы негізгі бағыттар, жасанды интеллект мәселелері, цифрлық технологияларағы білім беру мен әлеуметтік өмірдің түрлі салаларында енгізу мәселелері көрсетілді.
Салтанатты жиында Басқарма мүшесі – ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейтжан Орынбаев барша қатысушыларға алғыс білдіріп, марапаттар табыстады.
XXVII студенттік конференциясының секциялық отырыстары барысында 26 студенттің баяндамасы І дәрежелі дипломдармен, 28 студенттің баяндамасы ІІ дәрежелі дипломдармен, 35 студенттің баяндамасы ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар, конференция жеңімпаздарына 1-ші орын үшін 15 000 теңге, 2-ші орын - 12 000 теңге, 3-ші орынға 10 000 теңге көлемінде сыйақы табысталды.
2025 жылы «Студент-зерттеуші» біліктілігін алу сайысының жеңімпаздары атанған 15 студентке куәліктер табыс табысталып, 15 000 теңге көлемінде сыйақы берілді.
XXVII студенттік ғылыми-тәжірибелік конференцияда тыңдалған студенттердің баяндамалары конференция материалдары жинағында жарияланатын болады. Қатысушылар университет басшылығына алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді. Білім ордасы алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, алға қойған мақсат-міндеттерді жүзеге асыратындығына сенім білдірді.