ДИССЕРТАЦИЯ ҚОРҒАЛДЫ

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Биология» білім беру бағдарламасы бойынша PhD доктор дәрежесін беру үшін құрылған Диссертациялық кеңесте Әсем Нөгербек диссертациясын сәтті қорғады.

Диссертациялық жұмыстың тақырыбы:  «Болашақ биолог мұғалімдердің креативтік құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесі».

Отандық ғылыми кеңесші: Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Жұмаділ Чилдибаев.

Шетелдік ғылыми кеңесші: Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің (Мәскеу қ., Ресей Федерациясы) педагогика ғылымдарының докторы, профессор Сергей Суматохин.

Ресми рецензенттер: Генетика және физиология институтының биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Серик Абдрешев және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия докторы (PhD) Жадыра Аширова.

Әсем Джексенбайқызына алдағы уақытта кәсіби табыс, жаңа жетістіктер, сәттілік және шығармашылық шабыт тілейміз!

дис1111

дис2222

 

Прочитано 143 раз
Top