БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Еңселі оқу ордамызда арнайы бітіруші түлектерге екі күнге созылған «Zerdeli international school» мектебінің қызметкерлерімен кездесу өтті.

Кездесу мақсаты – бітіруші түлектерге жас маман атанып, жаңа еңбек жолын бастар шағында бағыт-бағдар беріп, ақыл-кеңеспен бөлісу.

Кездесу барысында  Басқарма мүшесі-академиялық мәселелер бойынша проректор  Ләззат Еркінбаева  болашақ түлектерге сәттілік тілеп, бұл кездесу ұлт тәрбиесіне үлкен үлес қосуға мүмкіндік екенін жеткізді.

«Zerdeli international school» мектебінің директоры Жанат Алтаев  студенттерге «ZERDELI» мектебінің ерекшеліктері мен керек мамандардың тізімін, жұмысқа қабылдану тәртібін түсіндіріп өтті. Сондай-ақ, «ZERDELI» мектебі Қазақстанның 18 облыс орталығында 55 филиалы бар екенін, қазіргі таңда 22 000 оқушы білім алып жатқанын айта кетті.

Кездесу соңында мамандар студенттермен еркін форматта пікір алмасып, студенттер өз қызығушылықтарын білдірді.

тулек1111

тулек222

тулек3333

тулек444

тулек555

тулек6666

 

 

Прочитано 160 раз
Top