Дулати университетінің Ғылым және коммерцияландыру департаменті Коммерцияландыру бөлімінің бастауымен нарықтың өзекті қажеттіліктері мен ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу мүмкіндіктерін талқылау мақсатында бизнес өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесу мақсаты – ғылым мен бизнестің өзара байланысын нығайту, нарыққа қажетті әрі тиімді ғылыми өнімдердің өндірісте қолданылуын қамтамасыз ету.
Кездесуге «Абдусэти» ЖШС директоры Абдусами Махмудов пен жеке кәсіпкер Абдужаппар Әлімбетов қатысты. Олар университеттің 350 млн теңге көлемінде қаржыландыруға көзделген коммерцияландыру және стартап жобаларымен танысып, ғылыми-зерттеу нәтижелерін коммерцияландыру мәселелерін талқылады. Кәсіпкерлер бірқатар перспективалы жобаларға қызығушылық білдіріп, болашақта инвесторлық қолдау көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді.
Ғылым мен бизнесті біріктіре отырып, өңірлік экономиканың дамуына үлес қосуға бағытталған жиында мамандар алдағы уақытта осындай кездесулер тұрақты түрде өткізілетінін жеткізіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.