«STUDY IN KAZAKHSTAN» СТУДЕНТТІК ФОРУМЫ ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен 2025 жылғы 19 сәуірде Әуезов университетінде өтетін «Study in Kazakhstan» студенттік форумына Дулати университеті атынан қатысатын команданы іріктеу конкурсы өтті. Студенттік форумға еліміздің жоғары оқу орындарында білім алып жатқан шетелдік студенттер қатысатын болады.

Іріктеуге Өзбекстан, ҚХР, Түрікменстан елінен келген шетелдік студенттерден құралған 5 команда қатысты. Олар «Образовательная экосистема с элементами геймификации между Казахстаном и Узбекистаном», «Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы телемедицина және денсаулық мониторингі жүйесі», «Қазақстан мен Өзбекстан арасында жаңатехнологияларды жүзеге асыру», «Қазақстан мен Қытай арасындағы экспорт/импорт смарт-калькуляторы» және «Жаңа технологияларды енгізу Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы өзара пайда» тақырыптары бойынша презентация дайындап, қорғады.

Комиссия мүшелерінің бірыңғай шешімімен жеңімпаздар анықталды:

  • Сабитова Албина – «Экономика және құқық» факультеті;
  • Жийемуратова Жансулу – «Технологиялық» факультеті;
  • Базарбаева Гулсина – «Филология және гуманитарлық ғылымдар» факультеті;
  • Пулатова Ширинхон – «Филология және гуманитарлық ғылымдар» факультеті.

Жеңімпаз командалар 19 сәуірде Әуезов университетінде өтетін «Study in Kazakhstan» студенттік форумына Дулати университеті атынан қатысатын болады. Командаларды құттықтап, сәттілік тілейміз!

фор1111

фор2222

фор3333

фор4444

фор55555

 

Прочитано 98 раз
Top